KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Қазтест сертификаттары электрондық форматқа ауыстырылды 26.01.2023

Қазтест сертификаттары электрондық форматқа ауыстырылды

Енді ҚАЗТЕСТ тапсырушыларға сертификаттар certificate.testcenter.kz сайтында электрондық форматта беріледі. Тестілеуді тапсырып болғаннан кейін, көрсетілген сайтта келесі қадамдарды орындау арқылы сертификатыңызды жүктей аласыз: тест түрін таңдау; тапсырған жылды көрсету; ЖСН және ТЖК енгізу. МАҢЫЗДЫ: ҚАЗТЕСТ электрондық сертификатында алушының деректері, жинаған балы, жарамдылық мерзімі және QR-коды көрсетіледі. ЕСКЕРТУ: жарамдылық мерзімі өтпеген қағаз нұсқадағы сертификаттардың жарамдылығы сақталады.