KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Докторантураға түсушілердің назарына! 04.11.2022

Докторантураға түсушілердің назарына!

2022 жылғы 1 қарашада докторантураға түсу емтиханына app.testcenter.kz сайты арқылы өтініштерді қабылдау басталды. Тіркелу 18 қарашаға дейін жүргізіледі.
Түсу емтихандары 5-11 желтоқсан аралығында өтеді.
Тіркелу барысында Сіз тестілеудің ОРНЫН (ҚАЛАСЫН) өзіңіз таңдайсыз.
Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 29 қарашада түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Өтініш бергеннен кейін түсушіге емтихан тапсыру қаласына немесе тіліне, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тобына өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда 18 қарашаға дейін (бұл күні база жабылады) өтінішті түзетуге және өшіруге мүмкіндік беріледі.
Биылдан бастап түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек.

‼️ЕСКЕРТУ:

2022 жылы Ережелерді бұзғаны үшін емтиханға жіберілмеген талапкерлер, сондай-ақ нәтижелері жойылған тұлғалар қайта докторантураға түсу емтиханына қатыса алмайды.
4-20 тамыз аралығында өткізілген түсу емтиханының сертификаты күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.
Түсу емтиханына қатысу құны 15 804 теңгені құрайды.
Барлығыңызға сәттілік!