KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
29.12.2021

ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ (ҰБТ-2022 кездесетін тарихи даталар тізімі)

«ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ

1.

Б.з.б. IV-мың ж. – б.з. V ғ.

– Ежелгі Шығыс өркениеті тарихы кезеңі.

2.

Б.з.б. 1280 ж.

– Египет пен Хетт мемлекеттері арасындағы әлемдегі тұңғыш бітім шарт.

3.

Б.з.б. 1792–1750 жж.

– Хаммурапидің Вавилон мемлекетін басқаруы. «Хаммурапи заңдары».

4.

Б.з.б. 221 ж.

 

– Қытай аумағындағы алғашқы орталықтанған мемлекет-Цинь империясы.

5.

Б.з.б. 336–323 жж.

– Александр Македонскийдің билік етуі.

6.

Б.з.б. 509–27 жж.

– Ежелгі Рим тарихындағы республика кезеңі.

7.

Б.з. 395 ж.

– Ежелгі Рим империясының  Батыс және Шығыс болып бөлінуі.

8.

Б.з. 476 ж.

– Батыс Рим империясының құлауы.

9.

481–511 жж.

 

– Франк мемлекеті мен Меровингтер әулетінің негізін қалаушы король Хлодвигтің билік құруы.

10.

527–565 жж.

– Император І Юстинианның билік етуі.

11.

570–632 жж.

– Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмір сүрген жылдары.

12.

882 ж.

– Киев Русі мемлекетінің құрылуы.

13.

XІ ғ.

– Салжұқтардің Кіші Азияны жаулап алуы.

14.

1096–1099 жж.

– Бірінші крест жорығы.

15.

1265 ж.

– Ағылшын парламентінің құрылуы.

16.

1302 ж.

– Францияда Бас штаттардың  шақырылуы.

17.

1337–1453 жж.

– Англия мен Францияның арасындағы Жүз жылдық соғыс.

18.

1368–1644 жж.

– Қытайда Мин әулетінің билік етуі.

19.

1382 ж.

– Тоқтамыс ханның Мәскеу қаласын басып алуы.

20.

1453 ж.

– Түріктердің Константинопольді басып алуы.

21.

1455–1485 жж.

– Англиядағы Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы.

22.

1485–1603 жж.

– Англияда Тюдорлар әулетінің басқаруы.

23.

1492 ж.

– Христофор Колумбтың Американы ашуы.

24.

1517 ж.

– Лютердің 95 тезисін жариялап, индульгенцияға қарсы шығуы.

25.

1519–1522 жж.

– Фернан Магеллан тұңғыш дүниежүзін айналып шығу саяхаты.

26.

1555 ж.

– Реформация нәтижесінде Германияда княздер мен императордың арасында Аугсбург бітімінің жасалуы.

27.

XVI ғ. аяғы

– Францияда Бурбондар әулетінің билікке келуі.

28.

1600 ж.

– Ағылшындық Ост-Үнді компаниясының құрылуы.

29.

XVII ғ. басы–XІX ғ. екінші жартысы

– Жапонияда  Токугава әулеті сегундарының билік етуі.

30.

1607 ж.

– Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы тұрақты қонысы Джеймстаунның (Виргиния) негізі қаланды.

31.

1613–1917 жж.

– Ресейде Романовтар әулетінің билік құруы.

32.

1640 ж.

– Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуы.

33.

1682–1725 жж.

– І Петрдің патшалық етуі.

34.

1700–1721 жж.

– Солтүстік соғыс.

35.

1756–1763 жж.

–Жетіжылдық соғыс. (Англия мен Франция)

36.

1757 ж.

– Император Цяньлун еуропалықтардың Қытайға келуіне тыйым салуы.

37.

1776 ж.

– АҚШ-тың құрылуын жариялаған Тәуелсіздік декларациясының қабылдануы.

38.

1787 ж.

– АҚШ Конституциясының қабылдануы.

39.

1789 ж.

– Бастилиянының алынуы. Француз революциясының басталуы.

40.

1789 ж.

 

– Францияда Адам және азамат құқықтары декларациясын қабылдауы.

41.

1804 ж.

 

– Францияда Наполеон Бонапарттың «императоры» атағын қабылдауы. Бірінші империяның құрылуы.

42.

1812 ж.

– Ресейдің Наполеон әскерлеріне қарсы Отан соғысы.

43.

1813 ж.

– Лейпциг түбіндегі «Халықтар шайқасы».

44.

1814–1815 жж.

– Вена конгресі.

45.

1823 ж.

– АҚШ-та «Монро доктринасының» жариялануы.

46.

1839–1870 жж.

– Осман империясындағы Танзимат  реформасы.

47.

1850–1864 жж.

– Қытайдағы тайпиндер көтерілісі.

48.

1853-1856 жж.

– Қырым соғысы.

49.

1854 ж.

– Бірінші жапон-американ келісімшартына қол қойылуы.

50.

1861 ж.

– Итальян  корольдығының құрылуы.

51.

1861 ж.

– Ресейде басыбайлылық құқықты жою туралы манифест.

52.

1861-1865 жж.

– АҚШ-тағы азамат соғысы.

53.

1871 ж.

– Версальда Герман империясы құрылуының жариялануы.

54.

1871 ж.

– Герман империясының Конституциясының қабылдануы.

55.

1870–1871 жж.

– Франция-Пруссия соғысы.

56.

1877–1878 жж.

– Орыс-түрік соғысы.

57.

1878 ж.

– Берлин конгресі.

58.

1882 ж.

– Германия, Австрия-Венгрия және Италия араларындағы Үштік Одақтың құрылуы.

59.

1889 ж.

– Жапония Конституциясының қабылдануы. 

60.

1904–1905 жж.

– Орыс-жапон соғысы.

61.

1905–1907 жж.

– Алғашқы орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы.

62.

1907 ж.

– Антанта соғыс одағының құрылуы.

63.

1914-1918 жж.

– Бірінші дүниежүзілік соғыс.

64.

1917 ж.

– Ресейдегі Ақпан революциясы және Қазан революциясы.

65.

1919 ж.

– Париждегі бейбітшілік конференциясы.

66.

1921–1922 жж.

– Вашингтон конференциясы.

67.

1922 ж.

– КСРО-ның құрылуы.

68.

1923 ж.

– Түркия Республикасының құрылуы.

69.

1929–1933 жж.

– Әлемдік экономикалық дағдарыс.

70.

1933 ж.

– Германияда фашистік диктатураның орнауы.

71.

1937 ж.

– Жапонияның Қытаймен соғысының басталуы.

72.

1938 ж.

– Мюнхен келісімі.

73.

1939 ж.

– Өзара шабуылдаспау туралы КСРО-Герман пактісі.

74.

1939–1945 жж.

– Екінші дүниежүзілік соғыс.

75.

1941 ж.

– Германияның КСРО-ға шабуылы.

76.

1942–1943 жж.

– Сталинград шайқасы.

77.

1943 ж.

– Курск шайқасы.

78.

1943 ж.

– Тегеран конференциясы.

79.

1945 ж. 

– БҰҰ Жарлығының қабылдануы.

80.

1945 ж.

– ІІ Дүниежүзілік соғыста Германия мен Жапонияның жеңілуі. ІІ Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы.

81.

1947 ж.

– Трумэн Доктринасы, Маршалл жоспары.

82.

1949 ж.

– НАТО-ның құрылуы.

83.

1950–1953 жж.

– Кореядағы соғыс.

84.

1955 ж.

– Варшава келісімшарты ұйымының құрылуы.

85.

1956 ж.

– Суэц дағдарысы. Египетке қарсы үшжақты басқыншылық.

86.

1958 ж.

– Францияда бесінші Республиканың құрылуы.

87.

1961 ж.

– Космонавт Ю.А. Гагариннің ғарышқа алғашқы ұшуы.

88.

1962 ж.

– Кариб дағдарысы.

89.

1963 ж.

– Жерде, суда және ауада ядролық сынақтарды өткізбеу туралы Мәскеу шарты.

90.

1965–1973 жж.

– АҚШ-тың Вьетнамдағы интервенциясы.

91.

1968 ж.

– Варшава Шартына қатысушы елдердің Чехославакияға әскерлерін енгізуі. «Прага көктемі».

92.

1971 ж.

– Пәкістан-Үнді соғысы.

93.

1975 ж.

– Хельсинкидегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Еуропа Кеңесінің Актісі.

94.

1979 ж.

– Иранда шахқа қарсы революция.

95.

1979 ж.

– Ауғанстанға КСРО қарулы күштерін енгізу.

96.

1980–1988 жж.

– Ирак-Иран соғысы.

97.

1991 ж.

– КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ны құру туралы декларацияға қол қойылуы.

98.

1992 ж.

– Еуропалық Одақтың (ЕО) құрылуы туралы Маастрихт келісімінің жасалуы.

99.

2001 ж.

– Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы мәлімдеме .

100.

2010–2011жж.

– «Араб көктемі». Египет, Тунис, Ливиядағы  революциялар.