KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Ұлттық біліктілік тестілеу 12.04.2021

Ұлттық біліктілік тестілеу

2021 жылғы 12 сәуірден бастап Ұлттық біліктілік тестілеуге (бұдан әрі – ҰБТ) өтініштерді қабылдау қайта жалғасады. ҰБТ ағымдағы жылғы 13-30 сәуір аралығында Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген бағдарламалық жасақтаманың көмегімен электрондық форматта «U-FUTURE» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 53 аймақтық тестілеу орталықтарында өткізу жоспарланған.

ҰБТ-ға өтініштерді app.testcenter.kz сілтемесі арқылы беруге болады.

Тестілеуге қатыса алады:

·жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтары;

·мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтары;

·қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың және арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтары;

·Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері;

·Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (жалпы білім беретін педагогтар үшін және медициналық бағыт) педагогтары қатыса алады.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 17 сәуірден бастап жоғары оқу орындарының және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін жұмысқа алғаш рет қабылданатын тұлғалар үшін тестілеу өткізіледі (бұдан әрі – Бітірушілер).

Бітірушілер үшін тестілеу:

Оқу пәнінің мазмұны бойынша;

Педагогика, оқыту әдістемесі бойынша өткізіледі.

ҰБТ жалпы уақыты - 3 сағат 30 минут (210 минут), ал «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – 4 сағат (240 минут).