KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ҚАЗТЕСТ. «Тіл-құралдың» жаңа  басылымы жарыққа шықты 14.01.2021

ҚАЗТЕСТ. «Тіл-құралдың» жаңа басылымы жарыққа шықты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін (Қазтест жүйесі бойынша) деңгейлік «Тіл-құрал» оқу құралының 2-басылымы жарыққа шықты.
Соңғы жылдары қазақ тілін оқыту сапалық жағынан біршама жоғары деңгейге көтеріліп, қоғам мүшелерінің тілді меңгеруге деген сұранысы артып отыр. Аталған құралдың 1-басылымы алғаш рет Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын стандарттау міндетін іске асыру мақсатында 2011 жылы жарыққа шыққан. Осы уақыт аралығына дейін аталған оқу-әдістемелік құрал қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде үйренушілер, сондай-ақ жалпы оқырман қауым арасында жоғары сұранысқа ие болып, қолданылу аясы жылдан жылға артып келеді.
Жылдар бойы құралды қолдану барысында жинақталған тәжірибенің негізінде, қазақ тілін үйренушілер үшін оқытудың 5 деңгейі бойынша «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік құралының 2-басылымы қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған Қазтест емтиханына дайындық құралы ретінде ұсынамыз.
Қазақ тілін меңгерудің деңгейін бағалау мақсатында тестілеу әдісімен емтихан тапсыру үшін дайындалуға арналған оқу-әдістемелік құралында тыңдалым, оқылым, жазылым түрлері бойынша, сондай-ақ лексика-грамматикалық құрылым түрлеріне қатысты материалдар топтастырылған және емтиханға дайындалудың тиімді жолдары мен әдістері ұсынылған.
Мазмұны бойынша тіл үйренушіге бастапқы бағыт ретінде әр сөйлеу әрекетінің түріне қысқаша шолу беріледі. Тілдік дағдыларды қалыптастыру мақсатында әр бөлік бойынша тест тапсырмаларына талдау жасалынып, дұрыс жауапты анықтау тәсілдері беріледі. Тіл үйренушінің тілдік дағдыларды меңгергенін бекіту үшін қорытынды тест ұсынылады. Қосымшада тест тапсырмаларының дұрыс жауап кілттері мен аудиожазбалардың мәтіндері қамтылған. Сонымен қатар Тыңдалым және Жазылым бөліктерінің аудиожазба мәтіндері CD-дискіде қоса беріліп отыр.
Оқу-әдістемелік құрал қазақ тілін екінші тіл ретінде, шетел тілі ретінде үйренушілерге, тест тапсырушыларға, сондай-ақ оқытушылар мен маман әдіскерлерге, жоғары оқу орындарының студенттеріне және көпшілік тіл үйренушілерге арналған.
Аталған оқу-әдістемелік оқу құралын Ұлттық тестілеу орталығына хабарласып, сатып алуға болады. Әр деңгейге арналған оқу-әдістемелік құралдың бағасы – 2642 теңге. Аталған оқу құралын Төмендегі деректемелер (реквизит) бойынша екінші деңгейлі банктердің кез келген бөлімшесі арқылы төлем жасауға болады.

Мекеменің толық атауы: «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК ҚР БҒМ
БИН:    000140001853
Банктік реквизиттер: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
БИК: HSBKKZKX КБE: 16

ИИК: KZ536010111000001515
Тармағы: Қазтест бойынша оқу-әдістемелік құрал
Заңды мекенжайы: 010011, Нұр-Сұлтан қ., Сарайшық к. 11
Телефон: +7 (7172) 69 52 85



/press-tsentr/novosti/detail.php