KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
2020 жылғы 14 қыркүйек пен 17 қазан аралығындағы Ұлттық біліктілік тестілеуінің қорытындысы туралы ақпарат 27.10.2020

2020 жылғы 14 қыркүйек пен 17 қазан аралығындағы Ұлттық біліктілік тестілеуінің қорытындысы туралы ақпарат

Республика бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу 2020 жылғы 14 қыркүйек пен 17 қазан аралығындағы Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген бағдарламалық жабдықтаудың көмегімен электрондық форматта «U-FUTURE» Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігінің 18 аймақтық орталықтарында тестілеу өткізді.
Педагог қызметкерлерге тестілеу келесі бағыттарда өткізілді:
- жалпы орта білім беру педагогтері үшін;
- қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін;
- Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін.
Ұлттық біліктілік тестілеудің жалпы уақыты 210 минут (3 сағат 30 минут), "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін 240 минутты (4 сағат) құрайды.
Ұлттық біліктілік тестілеуге қатысу үшін 62 216 педагог өтініш берді, оның 47 026-сы (75,59 %) тестілеуге қатысты.
• "Жалпы орта білім беру" бағыты бойынша 42 183 педагог өтініш берді, оның тестілеуге 32 463 (76,96%) педагог қатысты. Тестілеу нәтижелері бойынша барлығы 14 869 (45,80%) педагог шекті деңгейден өтті.
• "Қосымша білім беру" бағыты бойынша 1836 педагог қатысуға өтініш берді, оның ішінде тестілеуге қатысқандардың саны - 831 (45,26%) құрады. Тестілеу нәтижелері бойынша барлығы 346 (41,63%) педагог шекті деңгейден өтті.
• "Мектепке дейінгі білім беру" бағыты бойынша 17 359 педагог қатысуға өтініш берді, оның ішінде тестілеуге 13 517 (77,87%) педагог қатысты. Тестілеу нәтижелері бойынша барлығы 1820 (13,46%) педагог шекті деңгейден өтті.
• "Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері" бағыты бойынша 838 педагог қатысуға өтініш берді, оның ішінде тестілеуге 215 (25,66%) педагог қатысты. Тестілеу нәтижелері бойынша барлығы 74 (34,41%) педагог шекті деңгейден өтті.
Тыйым салынған заттарды пайдаланып және тестілеу ережесін бұзғаны үшін 664 педагогтың тестілеу нәтижесі жойылды.