KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 01.07.2020

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау

2020 жылдың 15 маусымынан 15 шілдесіне дейін кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүргізілуде.
Ағымдағы жылы түсушілер өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы онлайн тапсырады. Өтініш беру үшін түсуші https://egov.kz/ мобильді деректер базасына тіркеліп, содан кейін http://did.gov.kz сайтында Digital ID-сандық төлқұжат жасауы қажет (жеке басын растайтын құжат). Сандық төлқұжатты жасағаннан кейін түсуші https://pvo-zayav.testcenter.kz веб-сайтына өтіп, қажетті деректерді толтырып, тіркелуі керек. Кешенді тестілеуге төлем бағдарламалық кешен арқылы онлайн жасалады.

Кешенді тестілеуге қатысу құны – 8292 теңге.

Кешенді тестілеу күнтізбелік жылдың 1-15 тамызы аралығында жүргізіледі.