KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ҰБТ-да барлық талапкер үшін компьютер экранында есептерді шығару үшін калькулятор қолжетімді болады 26.05.2023

ҰБТ-да барлық талапкер үшін компьютер экранында есептерді шығару үшін калькулятор қолжетімді болады

ҰБТ-да барлық талапкер үшін компьютер экранында «Математикалық сауаттылық», «Математика», «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология» және «География» пәндері бойынша есептерді шығару үшін калькулятор қолжетімді болады.

Сондай-ақ  «Химия» пәнін тапсырушыларға Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесінің электрондық нұсқасы ұсынылады.

Сондықтан өзіңізбен бірге оларды алып келудің қажеті жоқ.

Алайда сізге Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесінің қағаз нұсқасы керек болса, онда тестілеу әкімшілерінен сұрасаңыз болады. Қайталап өтейік, оларды өзіңізбен алып келмеңіз.

Тестілеуде жеке куәлік, қалам, су, шоколад пайдалануға рұқсат етіледі.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу