KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
КЕЛЕСІ ҰБТ-ДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ МЕН ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛЕДІ 14.09.2022

КЕЛЕСІ ҰБТ-ДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ МЕН ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Тохтарбекұлы келесі ҰБТ-дан бастап Қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығы пәндері бойынша өзгерістер енгізілетінін хабарлаған болатын.
Бұл туралы осы жазбада Сіздерге толық түсіндіріп өтсек.
Сонымен, басты жаңалық Қазақстан тарихы пәнінің бір нұсқасында енді 20 тест тапсырмасы болады:
1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған;
11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін).
Осылайша, контекстік тест тапсырмаларының саны көбейіп, талапкерлердің білімін одан да терең бағалауға мүмкіндік артады.
Сондай-ақ, бұған дейін талапкерлерге оқу сауаттылығынан 20 тест тапсырмасы берілсе, енді 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы ұсынылады. Бұл шешім арқылы талапкерлер өз білімдерін жан-жақты көрсете алады деп сенеміз.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу