KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
19 МЫҢ ТАЛАПКЕР ТАМЫЗ АЙЫНДАҒЫ ҰБТ-ҒА ҚАТЫСТЫ 15.08.2022

19 МЫҢ ТАЛАПКЕР ТАМЫЗ АЙЫНДАҒЫ ҰБТ-ҒА ҚАТЫСТЫ

Құрметті достар!

2022 жылғы тамыз айындағы ҰБТ аяқталды.
Республика бойынша тестілеуге 19 мыңға жуық талапкер қатысты.

Жалпы нәтижелері төмендегідей:
  • талапкерлердің 54%-ға жуығы шекті балл жинады;
  • орташа балл – 58;
  • ең жоғары балл – 128;
  • тыйым салынған заттарды алып өту әрекету салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 39 талапкер айырылды;
  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 79 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды;
  • Сонымен қатар, апелляцияға 2 мыңнан астам өтініш қабылданды, нәтижесінде 2 тест тапсырмасы қанағаттандырылды.
Қатысушылардың басым бөлігі, яғни 21%-ы «Математика-Физика» және 20%-ы «Химия-Биология» пәндер комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған пәндер комбинациясы – «Химия-Физика». Оны 39 түлек тапсырды.

Тамыз айындағы ҰБТ кезеңінде түсушілерден электрондық пошта, call-орталық, әлеуметтік желілер бойынша 10 мың өтініш келіп түсті. Олар өз уақытында өңделді.
Естеріңізге сала кетейік, тамыздағы ҰБТ сертификатымен жоо-ға тек ақылы бөлімге оқуға түсуге болады.


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу