KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Бүгін елімізде докторантураға түсу емтихандары басталды 15.08.2022

Бүгін елімізде докторантураға түсу емтихандары басталды

Құрметті достар!

Бүгін елімізде докторантураға түсу емтихандары басталды. Жоғары оқу орындарында өткізілетін сұхбаттасу аяқталды.
Емтихандар 20 тамызға дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, түсу емтиханының КҮНІ, УАҚЫТЫ, ОРНЫ туралы ақпарат жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде 10 тамызда жарияланды. Өткізіп алмаңыздар!
Емтихан нәтижесі келесі күні түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Апелляцияға арналған өтініш нәтиже жарияланғаннан кейін келесі күні аймақтық тестілеу орталықтары базасында қабылданады.
Барлық қатысушыға сәттілік тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу