KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
11.08.2022

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу аяқталды

Қайырлы күн, құрметті магистранттар!

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу аяқталды. Осы орайда, Сіздерді КТ-ның қорытынды мәліметтерімен таныстырып өтсек:

Республика бойынша 43 мыңнан астам адам КТ тапсырды.

Оның ішінде:
  • 42% тест тапсырушы шекті балл жинады;
  • Орташа көрсеткіш 71 балды құрады;
  • Ең жоғары балл – 140, оны бір қатысушы жинады.

Ереже бұзғаны үшін 328 адамның нәтижелері жойылды. Атап айтқанда:
  • тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 176 оқуға түсуші айырылды;
  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 148 адам шығарылды;
  • постпрокторинг (бейнежазбаларды қайта қарау) қорытындысы бойынша 4 адамның нәтижесі жойылды.
  • Сонымен қатар, КТ-ға кіргізу кезінде FACE-ID жүйесі арқылы 4 бөгде тұлға анықталды.

Биыл апелляцияға 20 мыңнан астам өтініш қабылданды, нәтижесінде 121 тест тапсырмасы қанағаттандырылды.

КТ кезеңінде тест тапсырушылардан электрондық пошта, call-орталық, әлеуметтік желілер бойынша 40 мың өтініш келіп түсті. Олардың барлығы өз уақытында өңделді.
Кешенді тестілеуді өз білімдерімен тапсырған тестіленушілерді құттықтаймыз! 

Грант конкурсында сәттілік тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу