KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Әкімдік гранттары туралы ақпарат! 05.08.2022

Әкімдік гранттары туралы ақпарат!

Жергілікті атқарушы органдардың гранттары (әкімдік гранттары) туралы ақпарат!

Әкімдік гранттар конкурстық негізде тағайындалады. Бұл ретте, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан талапкерлерге ерекше көңіл бөлінеді.
Әкім гранттары барлық білім беру саласына емес, тек аймақтарда сұранысқа ие мамандықтарға бөлінеді.
Грантты тағайындау туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды.
Іріктеу кезінде үміткердің ҰБТ нәтижесіне басты назар аударылады.

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктен немесе олардың ресми сайтынан алуға болады!
Бұл мүмкіндікті өткізіп алмаңыз. Сәттілік!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу