KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫНА ӨТІНІШ БЕРУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 5 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ 02.08.2022

ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫНА ӨТІНІШ БЕРУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 5 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Сіздерге докторантураға түсу емтихандарына өтініш беру және құжаттарды қабылдау мерзімі 5 тамызға дейін ұзартылғанын хабарлаймыз!
Емтихан КҮНІ, УАҚЫТЫ, ОРНЫ туралы ақпарат 9-10 тамызда Жеке кабинеттің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.
Түсу емтихандарының өзі 20 тамызға дейін өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл докторантураға түсуге үміткерлер әңгімелесуден өтіп, эссе жазады, сондай-ақ оқуға дайындығын анықтауға арналған тестін және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан тапсырады.
Оқуға дайындығын анықтауға арналған тестіне дайындық материалдар www.testcenter.kz сайтының «Докторантураға түсушілерге» бөлімінде ұсынылған.
Сонымен қатар докторантураға түсу үшін ШЕТ ТІЛІН және ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша (ҚАЗТЕСТ емтиханын 25 тамызға дейін тапсыруға болады) мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификаттардың болуы міндетті.
TOEFL ITР сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады. 5 тамызға дейін тіркелуге болады. Емтихан 8 тамызда өтеді.  
Қосымша тестілеу КҮНІ, УАҚЫТЫ және ОРНЫ туралы толық ақпаратпен Жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде таныса аласыздар.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу