KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫНА ТІРКЕЛУ APP.TESTCENTER.KZ САЙТЫНДА 3 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ 27.07.2022

ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫНА ТІРКЕЛУ APP.TESTCENTER.KZ САЙТЫНДА 3 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

Түсу емтихандарының өзі 20 тамызға дейін өтеді.
Емтихан күні туралы ақпарат 9-10 тамызда Жеке кабинеттің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады. Басқа хабарламалар жіберілмейді.
Бүгін Сіздерді докторантураға түсу емтихандарының форматымен таныстырып өтсек. Емтихандар екі кезеңде өткізіледі:
ЖОО-да емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесу – 20 балл (күнін ЖОО-дан нақтылайсыздар);
таңдалған қаладағы емтихандар
эссе – 10 ұпай;
докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл;
білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан – 40 балл.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл – 75 балл.
Сонымен қатар, болашақ докторанттар
ҚАЗТЕСТ сертификатын @kaztest_official;
шет тілін меңгергендігін растайтын сертификатты ұсынуы керек.
Ескерту. TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады (тіркелу 2 тамызға дейін). Қосымша тестілеу 8 тамызда өткізіледі.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу