KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ГРАНТ КОНКУРСЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТАҒЫ ЕКІ КҮНГЕ ҰЗАРТЫЛДЫ 20.07.2022

ГРАНТ КОНКУРСЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТАҒЫ ЕКІ КҮНГЕ ҰЗАРТЫЛДЫ

Сіздерге грант конкурсына құжаттарды қабылдау тағы екі күнге ұзартылғанын қуана хабарлаймыз.
Осылайша, ол 22 шілдеде аяқталады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл құжаттарды қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ талапкерлерге ыңғайлы болу үшін виртуалды комиссиялар арқылы онлайн-режимде құжаттарды тапсыру мүмкіндігі ұсынылды.
Қосымша ақпарат бойынша жоғары оқу орындарына хабарласуыңызды сұраймыз.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу