KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР 19.07.2022

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР

Болашақ магистранттар!
Барлығыңыз Жеке кабинетіңіздегі кешенді тестілеудің күні, уақыты, орны туралы ақпаратпен таныстыңыздар ма?
Ертең КТ-ның алғашқы күні. 1 лекке қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Ал бүгін магистратураға түсушілердің таңдаған білім беру салалары бойынша статистикалық мәлімет ұсынамыз.
Тестілеу күніне дейін Жеке кабинетіңізде даярлау бағытын бейіндіктен ғылыми-педагогикалыққа және керісінше ауыстыруға, сонымен қатар КТ тілін өзгертуге мүмкіндік берілді.
Егер қосымша сұрақтарыңыз болса, nct_pvo@mail.ru поштасына өтініш жазып немесе  8 (7172) 69-50-97, 69-50-98, 69-52-73 нөмірлеріне хабарласа аласыздар.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу