KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ГРАНТ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ АЛУ ТУРАЛЫ 13.07.2022

«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ГРАНТ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ АЛУ ТУРАЛЫ

Бүгін «Серпін» бағдарламасы аясында грант негізінде білім алу туралы ақпарат ұсынамыз!
Бұл бағдарлама бойынша 2022-2023 оқу жылына 3653 грант бөлінді.
«Серпін» жобасының басты мақсаты еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр тапшылығын көріп отырған аймақтарда оқытып, білікті мамандар даярлау.
Сонымен, «Серпін» бағдарламасына келесі аймақтардың түлектері қатыса алады:
ТҮРКІСТАН, ҚЫЗЫЛОРДА, ЖАМБЫЛ, АЛМАТЫ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫ.
Ескерту: Бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған.
Ал гранттар мынадай облыстарда орналасқан университеттерге бөлінеді: Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облысы.
Сондай-ақ, гранттар тек кейбір білім беру салаларына берілген. Олар: педагогикалық,

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу