KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
БИЫЛ АРНАЙЫ  МАҚСАТТЫ «АТЫРАУ-МАҢҒЫСТАУ» БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ АЙҚЫНДАЛДЫ 13.07.2022

БИЫЛ АРНАЙЫ МАҚСАТТЫ «АТЫРАУ-МАҢҒЫСТАУ» БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ АЙҚЫНДАЛДЫ

Құрметті Атырау және Маңғыстау облыстарының  2022 жылғы түлектері!
Биыл арнайы Сіздер үшін мақсатты «АТЫРАУ-МАҢҒЫСТАУ» білім беру грантының жаңа түрі айқындалды.
Гранттың бұл түріне Атырау және Маңғыстау облыстарының 2022 жылғы түлектері ғана үміткер бола алады.
ЕСКЕРТУ: Мақсатты «Атырау-Маңғыстау» гранты шеңберінде конкурсқа қатысатын оқуға түсушілер бір мезгілде жалпы конкурсқа, оның ішінде «Серпінге» қатыса алмайды.
Мақсатты «Атырау-Маңғыстау» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер өтініш беретін кезде:
білім беру бағдарламаларының төрт тобын;
мақсатты «Атырау-Маңғыстау» гранты шеңберінде мемлекеттік тапсырыс орналастырылған білім беру бағдарламасының әрбір тобы үшін төрт түрлі өңір көрсетеді.  Бұл ретте өңір қайталанбауы керек.
Үміткерге өзі таңдап алған БББТ-ның мемлекеттік тапсырысы орналастырылған өңірдегі ЖОО-ның толық тізімі беріледі.
Ұсынылған тізбеде үміткер оқуға түсуге ниет білдірген ЖОО-ға басымдық бере отырып, рет-ретімен оларды белгілейді. Бұл жағдайда жоғары оқу орындарының саны шектелмейді.
Конкурс нәтижесінде үміткерге ҰБТ балдары, артықшылықтары және таңдаған БББТ, аймағы және ЖОО бойынша мақсатты «Атырау-Маңғыстау» гранты беріледі.
Қосымша ақпарат бойынша ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу