KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
04.07.2022

Құрметті докторантураға түсушілер!


2022 жылғы 5 шілде мен 3 тамыз аралығында докторантураға өтініштерді қабылдау app.testcenter.kz сайты арқылы жүргізіледі.
Түсу емтихандары 2022 жылдың 4-20 тамыз аралығында өткізіледі.
‼️Тіркелу барысында Сіз емтихан тапсыру ҚАЛАСЫН өзіңіз таңдайсыз.

2022 жылғы докторантура бойынша CHEK-LIST:
  • Өтініш бергеннен кейін түсушіге емтихан тапсыру қаласына немесе тіліне, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тобына өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда 3 тамызға дейін (бұл күні база жабылады) өтінішті түзетуге және өшіруге мүмкіндік беріледі.
  • Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған білім беру бағдарламалары тобы өзгертілмейді.
  • Биылдан бастап түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек.
  • Шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат ұсыну қажет (TOEFL ІTP сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады).
  • Білім беру грантын тағайындау бойынша конкурсқа өтініш бергенге дейін түсушіде Ұлттық білім беру деректер қорында (ҰБДҚ) «білім алушы» мәртебесі болмауы қажет.
  • Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады.
  • Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75-ті құрайды.
  • 4 мен 20 тамыз аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.
Түсу емтихандарының құны – 15 804 теңге.

Емтихан орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу