KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ЖОО ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ НАЗАРЫНА 28.06.2022

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ЖОО ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ НАЗАРЫНА

Құрметті колледж және жоо бітіруші курс студенттері!
Ұлттық біліктілік тестілеуінде «педагог» санатына шекті балл өзгеріссіз қалды.
Оқу пәнінің мазмұны бойынша 35 балл, «Педагогика, оқыту әдістемесі» бөлімі бойынша 15 балл жинау қажет.
«Педагог» санатына тәжірибесі жоқ кандидаттар, колледж және жоо бітіруші курс студенттері тапсырады.
Тіркелу барысында «Педагогикалық бағыттар бойынша ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура)» батырмасын таңдау қажет.
Екі мүмкіндігін де қолданып, шекті балл жинай алмаған бітіруші түлектер ҰБТ-ны (НКТ) шілде айында үшінші рет тапсыра алады.
Сәуірде өткен тестілеуде нәтижесі жойылған студенттер шілдедегі тестілеуге қатыса алады.
Тіркелу бүгін, 28 маусымда басталды. Тестілеудің өзі 11-29 шілде аралығында өтеді.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу