KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Магистратураға өтініштерді қабылдау басталды 10.06.2022

Магистратураға өтініштерді қабылдау басталды

Тіркелу: 2022 жылғы 10 маусымнан 15 шілдеге дейін app.testcenter.kz сайтында.
Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өткізіледі.

Тіркелу барысында Сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.
КТ тапсыру қаласына немесе тіліне, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тобына өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда 15 шілдеге дейін (бұл күні база жабылады) өтінішті түзетуге және өшіруге мүмкіндік беріледі.
Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған дайындық бағыты, білім беру бағдарламалары тобы, тестілеу тапсыру тілі мен қаласы өзгертілмейді.
Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 18 шілдеде түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

2022 жылғы негізгі кешенді тестілеу туралы НЕНІ білу қажет???
КТ-ға өтініш бергенге дейін түсуші білім беру салаларының, таңдалған БББТ-ның, ЖОО-дан кейінгі білім беру дайындығы бағытының сәйкестігі және КТ форматы бойынша ЖОО қабылдау комиссиясынан кеңес алуы қажет;
ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссиясына сілтемелер www.testcenter.kz сайтында және біздің UTO Telegram арнамызда ұсынылған. Сілтемелер Stories-те көрсетіледі;
Білім беру грантын тағайындау бойынша конкурсқа өтініш бергенге дейін түсушіде ҰБДҚ «білім алушы» мәртебесі болмауы керек;
Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар түсушілер магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады;
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75 балды, ал бейінді магистратураға 50 балды құрайды.
Оның ішінде: шет тілі – кемінде 25 балл (ғылыми-педагогикалық), ОДАТ – кемінде 7 балл, БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен);
✅Күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.
КТ-ға қатысу құны 11 020 теңгені құрайды.
Төлем тіркелу кезінде онлайн жасалады.
Сіздерден Жеке кабинетіңіздің логин және құпия сөзін сақтау сұралады.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу