KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Шығармашылық дайындықты талап ететін БББТ-ға түсушілер 31.05.2022

Шығармашылық дайындықты талап ететін БББТ-ға түсушілер

Құрметті шығармашылық дайындықты талап ететін БББТ-ға түсушілер!

Сіздер ҰБТ-ны Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша тапсырасыздар.
Бұл ретте ҰБТ-ны 5 пәннен тапсырып, шығармашылық дайындықты талап ететін БББТ-ны таңдауға болады.
Тест тапсырмалар саны – 35;
Әр пән бойынша шекті балл – 5 балл;
Тестілеу ұзақтығы – 70 минут.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсушілер үшін ҰБТ АРНАЙЫ ПӘН бойынша өткізіледі.
Тест тапсырмалар саны – 40 (көп жауаптың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар).
Тестілеуге 80 минут уақыт беріледі.
Ал шығармашылық емтихан ЖОО-да өткізіледі.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу