KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
IELTS, TOEFL  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТТАРЫ ТУРАЛЫ 27.05.2022

IELTS, TOEFL ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТТАРЫ ТУРАЛЫ

Құрметті IELTS, TOEFL халықаралық сертификаттарының иегерлері!

Егер Сіз 2022 жылғы ҰБТ-ға тіркелу кезінде сертификаттың барын және балын белгілесеңіз, онда қалауыңыз бойынша «Ағылшын тілі» пәнінен ҰБТ тапсырудан босатыласыз.

МАҢЫЗДЫ: Ағылшын тілі бойынша балл ҰБТ сертификатында көрсетілмейді.
Ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалығын білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш берген немесе ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде жоо-ның қабылдау комиссиясы тексереді.
Сертификаттың жарамдылығы тексерілгеннен кейін Сізге 45 балл есептеледі.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу