KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
23.05.2022

SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тест сертификаттарының балдарын ҰБТ сертификатының балына ауыстыру ШКАЛАСЫ туралы

Назарыңызға SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тест сертификаттарының балдарын ҰБТ сертификатының балына ауыстыру ШКАЛАСЫН ұсынамыз.
Естеріңізге сала кетейік, Егер Сізде SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған сертификаттары бар болса, СІЗ оларды білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу және (немесе) жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылдану үшін ҰБТ балдарына ауыстыра аласыз.

АУЫСТЫРУ КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:
Тек SAT reasoning сертификаттары болған жағдайда түсуші Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндер бойынша;
SAT reasoning және SAT subject балдары Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда, ал SAT subject балдары бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда;
ACT балдарын ауыстыру үшін Қазақстан тарихы пәні бойынша;
IB балдарын ауыстыру үшін Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша ҰБТ тапсырады.

Балдардың шкалаға сәйкес болуы МАҢЫЗДЫ.

АУЫСТЫРУ ЖОЛЫ:
1.Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты арқылы онлайн түрде «SAT/ACT/IB сертификатының иегерлері» тетігін баса отырып жүйеге тіркелу;
2.2022 жылғы маусым айында халықаралық сертификат иегерлерінің тізімі бекіту үшін ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолданады;
3.ҚР Білім және ғылым министрлігімен тізім бекітілгеннен кейін SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тест сертификаты бар тұлғалардың тест нәтижелері ҰБТ балдарына ауыстырылады;
4.ҰБТ-ның электрондық сертификаты өтініш берушінің app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинеті арқылы жүктеуге қолжетімді.

Сертификаттың өзін Жеке кабинетте жұмаға дейін жүктеу қажет.










Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу