KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
«Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жазбаша емтихан 22.04.2022

«Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жазбаша емтихан

Тапсырмалар жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптары үшін жаңартылған мазмұн бойынша жасалды: оқыту орыс/ өзбек/ ұйғыр / тәжік тілдерінде жүргізілетін сыныптар үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті» және оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін «Орыс тілі мен әдебиеті».

Емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады.

Тапсырмаларда төрт қысқа мәтін бар, олардың жалпы көлемі 400 сөзден аспайды.

Бірінші бөлімде білім алушылар үзінділерінде келтірілген ойдың берілген 10 тұжырыммен өзара байланысын айқындайды, сондай-ақ осы тұжырымдардың қай мәтінге (A, B, C және D) жататынын анықтайды. Мәтін ретінде бейресми, ұқсас тақырыптағы мәтіндерді, мысалы, хат, электрондық хат немесе блогты пайдалануға болады. Әр үзіндіде әртүрлі мәліметтер мен пікірлер болады. Тапсырмада білім алушылардың мәтін ақпаратын өңдеп қолданып, стильдік және жанрлық ерекшеліктерге сай аргументтер келтіре отырып, жүйелі және сенімді жаза алуы, өз ойларын дәлелді жеткізуі, сонымен бірге сөздік қор мен орфографиялық, грамматикалық норманы сауатты қолдану қабілеттері бағаланады. Балл саны – 30 балл.

Екінші бөлімде білім алушылар мәтін негізінде берілген сұраққа өз көзқарастарын білдіретін жазбаша жауап (150-200 сөз) береді. Тапсырмада білім алушылардың мәтін ақпаратын өңдеп қолданып, стильдік және жанрлық ерекшеліктерге сай аргументтер келтіре отырып, жүйелі және сенімді жаза алуы, өз ойларын дәлелді жеткізуі, сонымен бірге сөздік қор мен орфографиялық, грамматикалық норманы сауатты қолдану қабілеттері бағаланады. Балл саны – 30 балл.

ТС_ОШ_ИА_Дүниежүзі тарихы _11_ЕМН_каз.pdf
ТС_ОШ_ИА_Дүниежүзі тарихы _11_ОГН_каз.pdf
ТС_ОШ_ИА_Информатика_11_ЕМН_каз
ТС_ОШ_ИА_Информатика_11_ОГН_каз.pdf
ТС_ОШ_ИА_Қазақ әдебиеті_11.pdf
ТС_ОШ_ИА_Құқық негіздері_11_ЕМН_каз.pdf
ТС_ОШ_ИА_Құқық негіздері_11_ОГН_каз.pdf
ТС_ОШ_ИА_Немецкий язык_11.pdf
ТС_ОШ_ИА_Физика_11_ЕМН_каз.pdf
ТС_ОШ_ИА_Физика_11_ОГН_каз.pdf
ТС_ОШ_ИА_Французский язык_11.pdf
ТС_ОШ_ИА_Химия_11_ЕМН_каз.pdf
ТС_ОШ_ИА_Химия_11_ОГН_каз.pdf



Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу