KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Педагогтердің назарына! 23.04.2022

Педагогтердің назарына!

Туындаған техникалық ақауларды тестілеуді тоқтатпай жоюға жұмсаған күшіміз жеткіліксіз болғандығын хабарлаймыз. Осыған байланысты 25 сәуір мен 3 мамыр аралығында өткізілетін БАРЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ, оның ішінде Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін, Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын және педагогтерге арналған Ұлттық біліктілік тестілеуін кейінгі мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдауға тура келді.

ҰЛТТЫҚ БІЛІКТІЛІК ТЕСТІЛЕУІН тапсырудың жаңа КҮНІ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат КЕЛЕСІ АПТАДА Жеке кабинеттің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.
Естеріңізге сала кетейік, техникалық себептерге байланысты тестілеуді аяқтай алмаған педагогтердің жауаптары сақталып, оларға тесті әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі беріледі.

Барлық техникалық ақауларды жақын уақытта жоюға бар күшімізді салып жатырмыз.
Туындаған келеңсіздік үшін кешірім сұраймыз!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу