KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
2022 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы (қаңтар) 27.12.2021

2022 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы (қаңтар)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес: - қалауы бойынша ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары; - ЖЖОКБҰ-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін; - ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар; - ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар қатыса алады. ҰБТ-ға қатысуға өтініштер 2021 жылғы 24 желтоқсан – 2022 жылғы 5 қаңтар аралығында, Орталық сайты арқылы онлайн режимде қабылданатынын хабарлайды. Тестілеушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде емтихан өтетін орынды, күнді және уақытты өз еркілері бойынша таңдайды. Тестілеудің өтетін  уақыты 2022 жылдың 10 қаңтар - 10 ақпан аралығы. ҰБТ-ға қатысушылар деректер базасына (бұдан әрі - ДБ) тіркелу үшін өтініш беруші app.testcenter.kz сайты арқылы онлайн өтініш береді. Онлайн өтініш беруші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатынан «жеке куәлігі» немесе «паспорты» болуы тиіс. Онлайн режимде өтініш беру рәсімі https://app.testcenter.kz/ сайтына кіреді; өзінің электрондық поштасын көрсете отырып тіркеледі (пароль электрондық поштаға жіберіледі); жүйе ішінде тестілеуге өтініш нысанын толтырады; тестілеуге қатысу үшін ақы төлейді. Тестілеу құны – 5640 тенге. Тестілеуге қатысу үшін төлемді келесі тәсілдермен жүзеге асыруға болады: 1) банк картасымен төлеу арқылы онлайн (банк картасымен төлеуді таңдаған кезде бағдарламада автоматты түрде төлем сайты ашылады); 2) Kaspi.kz-пен төлеу арқылы онлайн (Kaspi.kz-пен төлеуді таңдаған кезде тапсырыс нөмірін қалыптастырып, қосымша немесе Kaspi.kz сайты арқылы төлеу қажет); Ескерту: Төлемді тапсырысты қалыптастырғаннан кейін 1 сағат (60 минут) ішінде жасамаған жағдайда, өтініш жойылады.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу

/press-tsentr/novosti/