KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Маңызды! CEFR сертификаты туралы... Магистратураға түсушілердің назарына! 06.08.2020

Маңызды! CEFR сертификаты туралы... Магистратураға түсушілердің назарына!

CEFR(Common European Framework of Reference) – бұл белгілі бір еуропалық тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін арнайы жасалған жүйе. Осылайша, CEFR көмегімен адамның жұмыс, оқу немесе туризм үшін қажетті білімінің бар-жоғын анықтауға болады. Қандай да бір тілді меңгеру деңгейін растау үшін арнайы халықаралық тесттер қолданылады.

CEFR шетел тілін білу деңгейін растайтын халықаралық сертификат емес.

CEFR қабылдау Ережелерінде жалпы еуропалық құзіреттілік деңгейіне сәйкес шет тілін білу деңгейін анықтап, байланыстыру үшін қарастырылған.

Сондықтан магистратураға түсу кезінде осы сертификатты қабылдау жүргізілмейді.

Егер Сіз, өтінішті беру кезінде CEFR сертификатының бар екенін көрсеткеннің өзінде, кешенді тестілеу кезінде шетел тілін тапсыруыңыз қажет болады.

Атап өтетін жайт, CEFR сынды бөлек емтихан болмағандықтан, IELTS, TOEFL сияқты халықаралық емтихандар CEFR A1-A2, B1-B2, C1-C2 (олар Ережеде де аталған!) деңгейлеріне бағытталған.


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу