KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Педагогтердің білімін бағалауына өтініштерді қабылдау

Педагогтердің білімін бағалау (бұдан әрі – ПББ) – осы Қағидаларға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тест бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім.

ПББ тапсыру үшін педагог дипломда көрсетілген мамандығы немесе негізгі лауазымы бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымға өтініш береді. ПББ өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс), күнін, уақытын таңдайды.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым ПББ өткізудің операторы болып табылады. ПББ электрондық форматта өткізіледі.

ПББ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау онлайн режимде жүзеге асырылады. ПББ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімде педагогтің өтінішіне сәйкес өткізіледі.

Бірінші кезеңде сараптама кеңесі осы біліктілік санаттарын беру (растау) үшін педагогтердің портфолиосын бағалау парақтарын жіберіп, ал портфолио талаптарға сәйкес келмеген жағдайда педагог келесі кезеңге – ПББ-ға өтпейді.

ПББ педагогтер үшін:

күнтізбелік жыл ішінде 2 (екі) рет – ақысыз;

күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берген педагогтер – ақысыз;

сынақ (педагогтің қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде. Сынақ/ақылы тестілеу нәтижелері аттестаттаудан өту үшін негіз болып табылмайды;

педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар үшін:

күнтізбелік жыл ішінде 2 (екі) рет – ақысыз;

білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары күнтізбелік жылы 4 (төрт) рет – тегін;

сынақ (қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде. Сынақ/ақылы тестілеу нәтижелері аттестаттаудан өту үшін негіз болып табылмайды.

ПББ-ның  уақыты:

«Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – жүз жиырма минутты (2 сағат 5 минут);

«Мектепке дейінгі білім беру» бағыты үшін – сексен минутты (1 сағат 20 минут); 

«Қосымша білім беру» бағыты үшін – сексен минутты (1 сағат 20 минут);

өзге педагогтер үшін –  тоқсан минутты құрайды (1 сағат 30 минут).

ПББ-ның нәтижелері бір жылға жарамды.