KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО)  педагог қызметкерлерге арналған онлайн байқау сынағын өткізеді. Онлайн байқау сынағы тестілеуін өткізу технологиясы негізгі біліктілік тестілеуінің технологиясымен сәйкестендірілген, яғни тестіленуші 3 бөліктен: «ҚР заңнамасын білу», «Педагогика және психология негіздері» және «Пәндік білім негіздерінен» тест тапсырады.

Онлайн байқау сынағы барлық мұғалімдерге, әсіресе ағымдағы жылы мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлерге ұсынылады. Онлайн байқау сынағы тестілеуінің арқасында мұғалім өзінің біліктілік деңгейін тексеріп, негізгі біліктілік тестілеуге дайындалу мүмкіндік бар және бағдарламалық құрылымның интерфейсімен таныса алады.

Онлайн байқау сынағы ақылы түрде өткізіледі, бір реттік тестілеу құны 264 теңге. Тестілеу ақысын ҰТО-ның реквизиттері бойынша Халық банкі немесе Казпошта, сонымен қатар «Касса 24» терминалы арқылы төлеуге болады.

Тестіленуші өзіне қолайлы төлемақыны өтеу тәсілін қолданады

1 тәсіл - Төлемақы Халық банкі немесе Казпошта арқылы жүргізілген жағдайда, тестіленуші түбіртекті ҰТО филиалдарына тапсырады. ҰТО филиал қызметкерлері тестіленушіні тіркеп, байқау сынағын өту үшін оларға тіркеу парағын береді.

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК  ҚР БҒМ

010011 Нұр-Сұлтан қ., Жеңiс д., 60

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX     КБE 16

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Әрбір тестіленушінің байқау сынағын бірнеше рет өту мүмкіндігі бар.Тестілеу нәтижесі сол сәтте шығады, еш жерде жарияланбайды және мұғалімнің кәсібіне әсер етпейді.

2 тәсіл - «Касса 24» терминал арқылы тестілеуден өтуге ниет білдіруші:

  • «Касса 24» төлем терминалында  «Білім беру қызметтері» бөлімінде «Национальный центр тестирования» түймешегін таңдайды;

  • берілген қызметтерден «ПҚБТ онлайн байқау сынағы»  қызметін таңдайды;

  • өзінің электронды поштасы мен тестілеуден өту санын енгізеді;

  • терминалда көрсетілген мөлшерде төлем жасайды;

  • тестілеу логині мен паролі төлем жасаған соң көрсетілген электронды поштаға автоматты түрде келеді.

Тестілеу логині мен паролін алғаннан кейін мұғалім интернет желісіне қосылған кез-келген компьютерде білімін тексере алады.

3 тәсіл - Бұлардан бөлек, cabinet.testcenter.kz сілтемесі арқылы жеке кабинетке тіркеліп, ыңғайлы тәсілмен төлем жасауға болады.

Бұл үшін қажет:

  • жеке кабинетте тіркелгеннен кейін тестілеудің қажетті түрін таңдау;

  • «Сатып алу» батырмасын басып, мүмкіндіктер санын таңдау;

  • төлемдер жасау парақшасында байланыс мәліметтерін толтырып, төлем түрін таңдау (Банк картасы, Жеке касса);

Төлем жасалғаннан кейін жеке кабинетке  тестілеуге арналған құпия сөз түседі. Әрі қарай тестілеуден https://prob-nqt.testcenter.kz/#/login сілтемесі арқылы өтіп, өтілген тестілеулердің талдау картасын көруге болады.