KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткерпедагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуі 2019 жылғы 26-29 қараша, қайта тестілеу 11-13 желтоқсан аралығында өткізілді. Қайта тестілеу, бірінші тестілеу кезінде 50%-дан кем нәтиже көрсеткен немесе дәлелді себептермен қатыспаған педагог қызметкерлер үшін өткізіледі.

Тестілеу Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен онлайн режимде жүргізілді.

Біліктілік тестілеуге қатысуға 5503 педагог қызметкер өтініш берді, оның ішінде қазақ тілінде – 4020 (73,05 %), орыс тілінде – 1483 (26,95 %) адам.

Біліктілік тестілеуге қатысқандардың саны – 5244 (95,29%), оның ішінде қазақ тілінде  – 3820 (72,85%), орыс тілінде – 1424 (27,15%) адам тестілеуге қатысты.

«Қызмет бағыты бойынша» – кемінде 50% (40–80 балл), «Педагогика және оқыту әдістемесі» бойынша – 50% (15–30 балл) дұрыс жауап алынса, тестілеу нәтижесі оң деп есептеледі. Осылайша, шекті деңгейден 4498 (85,77%) педагог қызметкер өтті.