KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Искакова Альмира Мұхтарқызы

Альмира Искакова Мұхтарқызы

Альмира Искакова Мұхтарқызы

1979 жылы 7 мамырда Қостанай облысында дүниеге келген.

2000 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Физика» мамандығы бойынша үздік аяқтаған.

2004 жылы «Есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алып, инженер біліктілігі берілген.

2014 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің 6М070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған.

09.2000-08.2001 жж. Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Куйбышев орта мектебінің физика және информатика пәнінің мұғалімі;

09.2001-08.2002 жж. Қазтұтынуодағы Қостанай экономика колледжінің физика пәнінің оқытушысы;

09.2002-08.2012 жж. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы;

01.2014 - 05.2020 жж. ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК Жоғары оқу орындарына түсу емтихандарының тест тапсырмаларын қалыптастыру ғылыми-әдістемелік зертханасының меңгерушісі.

2020 жылғы 26 мамырдан бастап ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары болып тағайындалды.

2 патент иесі және 25 ғылыми мақаланың авторы. Қазақстан Республикасың Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен (2019 ж.) өзге де құрмет грамоталарымен марапатталды.