8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Конференция туралы

Конференция туралы

Конференция білім беру сапасын бағалау мәселелері, педагогикалық өлшеудердің теориялық қағидаларын практикалық тұрғыда жүзеге асыру, әлемдік үздік жетістіктерді көрсету мәселелерін қамтып, келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1.     Білім беру нәтижелерін өлшеу құралдары: тапсырмалар мазмұны, тапсырмалардың сапасын бағалау және оларды болашақта жетілдіру мәселелері.

2.     Емтихандар мен мониторингтердің нәтижелері: талдау және оларды басқармалық шешімдер қабылдауда, білім сапасын көтеру мақсатында пайдалану.

3.     АК-сауаттылықты бағалау – білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптарға жаңа көзқарас.

4.     Бағалау мәдениетін қалыптастыру – білім беру саласын модернизациялау жағдайында педагог кадрларды дайындаудың осы күнгі бағыты ретінде.

Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, отандық және шет елдік ғалымдар, педагогикалық өлшеулер және тестология саласының сарапшылары, жоғары оқу орындары мен академиялық мекеме  өкілдері, сонымен қатар, білім беру сапасын бағалау саласының жаңашылдары мен педагогтары, тест тапсырмаларының әзірлемешілері мен сарапшылары қатысады. Конференцияның ашылуына таман баяндамалар аннотациясы (аңдатпасы) шығарылады. 

Конференция бағдарламасында пленарлық мәжіліс жұмысын ұйымдастыру жоспарланған, тақырыптық секциялардағы жұмыстар; педагогикалық өлшеулер саласының жетекші сарапшыларының тәжірибе бөлісу шеберлік сабақтары (мастер-класс); әр түрлі тапсырмаларды қамтитын компьютерлік тестілеу бағдарламаларымен таныстыру.

Конференция барысында оқу-әдістемелік құралдар мен емтихандарға дайындық құралдарының көрмесі жұмыс ұйымдастырылады. 
  
Конференция өткізу орыны
«Grand Park Esil» қонақүйі (Астана қ., Бейбітшілік, 8)
Қатысу шарттары

Конференцияға қатысу – тегін.

Конференцияға қатысу үшін www.testcenter.kz сайтындағы«Конференция-2016» бөлімінде тіркелу қажет. 

Тіркелу мерзімі:

  • баяндама аңдатпасының басылымымен нақты қатысу және секцияда ауызша сөйлеу үшін – 2016 жылдың 1 сәуірі мен 15 шілде аралығында;

  • тыңдаушы ретінде сырттай немесе нақты қатысу үшін –2016 жылдың 1 сәуірі мен 30 тамыз аралығында.

Жол ақысы мен қонақүй шығыны – жіберуші жақтан өтеледі. Қонақүйді брондаумен қатысушылардың өздері айналысады. 

Конференцияға қатысу формалары

  • тыңдаушы ретінде нақты қатысу;

  • баяндама аңдатпасының басылымымен нақты қатысу және секциядағы ауызша сөйлеу;

  • конференция жұмысына онлайн режимінде сырттай қатысу;

  • шеберлік сабақтарға қатысу;

  • әр түрлі тапсырма түрлерін қамтитын компьютерлік тестілеу бағдарламаларының таныстыруына қатысу. 

Трансляция

Конференцияға онлайн режимінде қатысу үшін келесі сілтемелерді пайдалана аласыз:

Паролі: 505050.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. 

Байланысу тұлғалары

  • Ұйымдастыру мәселелері бойынша: Конуратова Айнұр Сансызбаевна, тел: +7 7172 69-50-87, +77015545000

  • Конференцияда сөз сөйлеу мен баяндама аңдатпасының басылымы бойынша:  Искакова Альмира Мұхтаровна, +7 7172 69-52-51, +77753026292; Примбетова Гүлжан Серікбаевна, +7 7172 69-52-50, +77013923387


  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ