8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

ҰБТ-ҒА АЛДЫН-АЛА ӨТІНІШ БЕРУ

Кешенді тестілеуге қатысу құны және құжаттар тізімі

        2019 жылдан бастап магистратураға оқуға қабылдау Кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) қорытындысы бойынша жүргізіледі.

КТ-ға қатысу құны 8292 теңгені құрайды. Төлемді Халық банк бөлімшелерінде төменде көрсетілген реквизиттер арқылы төлеуге болады:

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК  ҚР БҒМ

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX    

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

КБЕ 16


Магистратура түсу үшін қабылдау комиссиясына тапсыратын құжаттар тізімі

 

Магистратураға түсуші тұлғалар ЖЖОКБҰ-ға, ал резидентураға түсуші тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына немесе  ЖЖОКБҰ-ға, ғылыми ұйымдарға және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеу өткізудің үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18657 болып тіркелген) сәйкес белгіленген нысанда ұйым басшысының атына (резидентура үшін еркін түрде) өтінішті;

2) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);

3) интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесін (резидентураға түсу үшін);

4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

5) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - №907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

7) кешенді тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;

8) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда).

Осы тізімде көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.


Докторантураға түсу үшін қабылдау комиссиясына тапсыратын құжаттар тізімі


        Докторантураға түсуші тұлғалар ЖЖОКБҰ-ға және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы келесідей құжаттарды тапсырады:

1) өтініш (еркін түрде);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);

4) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын;

5) №907 бұйрықпен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

6) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

7) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты;

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болған жағдайда);

9) алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім саласы бойынша).

        Осы тізімде көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

        Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.


«Магистр» дәрежесі мемлекеттік білім беру гранты берілетін конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы:

 1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті;

 2) жоғары білімі туралы құжатты (құжаттарды ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқа);

 3) КТ сертификатын (құжаттарды ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);

4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы;

  5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

 Магистратураға түсуші өтініште білім беру бағдарламасының тобын және үш ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ