Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қабылдау емтихандары (ЖООКБ)
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгіқағидаларына сәйкес, ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына өтініштерді қабылдау шілденің 3-нен 31-не дейін жүргізіледі.
Шет тілі бойынша магистратура, резидентура және докторантураға түсу емтиханын және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеуді 10-16 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы жүргізеді.
Шет тілі бойынша магистратура, резидентура және докторантураға түсу емтиханы тестілеу түрінде өткізіледі. Тест 3 блоктағы, бір дұрыс жауап таңдайтын 100 тапсырмадан тұрады. Тестілеудің уақыты - 125 минут.
І - Бөлім - Тыңдалым. Тест тапсырмасының саны -32. Орындалу уақыты - 45 минут.
Бұл бөлімде тыңдауға 4 мәтін және әр мәтінге 8 тест тапсырмасы беріледі. Тыңдалымға ұсынылған материал 1 минуттық үзілісті сақтай отырып, 2 қайтара жазылған. Әр мәтінді тыңдап болған соң, оған арналған тест тапсырмаларын орындауға уақыт беріледі.
II - Бөлім - Лексика грамматикалық тест. Тест тапсырмаларының саны - 32. Орындалу уақыты - 30 минут.
III - Бөлім - Оқылым. Тест тапсырмаларының саны - 36. Орындалу уақыты - 50 минут.
Бұл бөлімде оқуға 3 мәтін және орындауға әр мәтінге 12 тест тапсырмасы берілген.
Бағалаудың 100 балдық шәкілі жүйесін 5 балдық бағалау жүйесіне ауыстыру шәкілі
100 балдық шәкілі жүйесінен балдары |
5 балдық бағалау жүйесінен балдары |
95-100 |
Өте жақсы (5) |
90-94 |
|
85-89 |
Жақсы(4) |
80-84 |
|
75-79 |
|
70-74 |
Қанағаттанарлық (3) |
65-69 |
|
60-64 |
|
55-59 |
|
50-54 |
|
30-49 |
Қанағаттандырарлықсыз (2)* |
0-29 |
*бейінді магистратурада және резидентурада шет тілі бойынша «қанағаттанғысыз» бағасына 0-ден 29-ға дейінгі балл сәйкес келеді.
2017 жылы, келесі мамандықтар бойынша оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу өткізіледі. Кешенді тестілеу сыни ойлау (бастауыш математика, ақпарат құралдарының түрлі нысандарын түсіндіру), аналитикалық ойлау (академиялық және ғылыми-танымал мәтіндерді талдау, жасырын заңдылықты анықтау, себеп-салдарлық байланысы) тестерінен және мамандық бойынша (2 пән) тестен тұрады.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетінбейінді магистратурада білім алу үшін пәндері көрсетілген мамандықтар тізімі
Барлық мамандықтар үшін |
Оқыту үшін дайындығын анықтау тесті |
|
Сыни ойлау |
Аналитикалық ойлау |
|
Мамандықтар |
Мамандықтар бойынша тест |
|
1 пән |
2 пән |
|
«1 Білім беру» (5 мамандық) |
||
6M011000 Физика |
Физиканы оқытудың әдістемесі |
Жалпы физика |
6M011100 Информатика |
Информатиканы оқыту әдістемесі |
Информатиканың теоретикалық негіздері |
6M011200 Химия |
Химияны оқыту әдістемесі |
Химия |
6M011300 Биология |
Биологияны оқыту әдістемесі |
Биология |
6M011900 Шеттілі: екі шет тілі |
Шет тілін оқыту әдістемесі |
Кәсіби-бағыт талған шет тілі |
«3 Құқық» (3 мамандық) |
||
6M030100 Құқықтану 6M030200 Халықаралық құқық 6M030400 Кеден ісі |
ҚР Конституциялық құқығы |
Мемлекет және құқық теориясы |
«5 Əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес» (10 мамандық) |
||
6M050600 Экономика 6M050700 Менеджмент 6M050800 Есеп и аудит 6M050900 Қаржы 6M051000 Мемлекеттік жəне жергілікті басқару 6M051100 Маркетинг 6M051300 Əлемдік экономика 6M051700 Инновациялық менеджмент 6M051900 Еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау 6M052100 Мемлекеттік аудит |
Экономикалық теория |
Макроэкономика |
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу форматы
Бөлім |
Оқыту үшін дайындығын анықтаутесті (бұдан әрі TGO) |
Мамандықтар бойынша тест тапсырмалары |
Жалпы |
|||||
Бөлім |
Сыни ойлау (бастауыш математика, ақпаратты түрлі формаларын түсіндіру) |
Аналитикалық ойлау (Академиялық және ғылыми-көпшілік мәтіндерді талдау, себебі жасырын заңдылықтарын анықтау) |
1 пән |
2 пән |
||||
Оқыту тілі |
оқыту тілі |
екінші тіл |
оқыту тілі |
екінші тіл |
шетел тілі |
оқыту тілі |
шетел тілі |
|
Тапсырмалар саны |
10 |
5 |
10 |
5 |
30 |
10 |
10 |
|
30 |
30 |
20 |
80 |
|||||
Тест тапсырмаларының формасы |
Бір дұрыс жауап тытаңдау |
Бір дұрыс жауапты таңдау |
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау |
|||||
Бағалау |
1 балл |
1 балл |
2 балл - барлық оң жауап, 1 балл - бір қате үшін, 0 балл – екі немесе одан да көп қателер үшін |
|||||
Ең жоғары балдар саны |
30 балл |
30 балл |
40 бал |
100 |
||||
Шешімге берілетін уақыт (мин) |
50 |
60 |
50 |
160 |
*тиісінше оқыту тілі қазақ тілі болса, екіншітіл-орыс тілі болыптабылады, егероқыту тілі -орыс тілі болса, тиісінше қазақтілі болады.
Магистратура, резидентура, докторантураға тұлғаларды қабылдау мынадай балл жинағанда, түсу емтихандарының немесе оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша жүзеге асырылады:
ғылыми-педагогикалық магистратураға және докторантураға шетел тілі бойынша - кемінде 50 балл және мамандық бойынша - кемінде 50 балл, ал бейінді магистратура және резидентураға шетел тілі бойынша - кемінде 30 балл және мамандық бойынша - кемінде 50 балл;
ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін - кемінде 19 балл, оның ішінде оқыту тілі бойынша - кемінде 8 балл, екінші тіл* бойынша - кемінде 2 балл, ағылшын тілі (бір дұрыс жауап таңдалатын) бойынша - кемінде 3 балл, ағылшын тілі (бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалатын) бойынша - кемінде 2 балл, оқыту тілі (бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалатын) бойынша - кемінде 4 балл.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға шетел тілі және мамандық бойынша түсу емтихандарының жиынтығы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады:
1) ғылыми-педагогикалық магистратураға және докторантураға - кемінде 150 балл;
2) бейінді магистратураға және резидентураға - кемінде 130 балл, оның ішінде ағылшын тілі бойынша кемінде - 30 балл.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ағылшын тілінде оқытатын бейінді магистратурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 25 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады
Ағылшын тілінде оқытатын магистратураға түсу емтихандарына дайындық үшін үлгілік тест тапсырмаларының 2 нұсқасын және спецификациясын назарларыңызға ұсынамыз.