8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Результаты КТПР 2016 / 2016 ПҚБТ нәтижелері
Сұрақ-жауапТалапкерлерді кешенді тестілеуден (ТКТ) өткізу туралы

Талапкерлерді кешенді тестілеуден (ТКТ) өткізу туралы

Талапкерлерді кешенді тестілеу деген не және оған кім қатыса алады?
Талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ) – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, бір уақытта бірнеше оқу пәндері бойынша өткізілетін емтихан нысаны. ТКТ-ға келесі талапкерлер қатыса алады:
- өткен жылдардың бітірушілері;
- жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары;
- шетелде оқушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша білім алушылар мен ҰБТ-ға қатыспағандар;
- республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері;
- бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілері;
- шетелде білім беру ұйымдарын бітірушілер.
ТКТ-ге қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі қандай?
Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде, шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.
ТКТ қандай пәндер бойынша өткізіледі?
ТКТ 4 пән бойынша жүргізіледі: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және мамандыққа байланысты таңдау пәні (география, физика, биология, химия, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі).
Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны неше және қанша уақыт бөлінеді?
Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25. Барлығы 100 тест тапсырмасынан тұрады. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді.
Тестілеу кезінде дәрісханада қолдануға болатын қандай заттар рұқсат етілген?
Тестілеуге қалам, Менделеев кестесін және тұздың ерігіштік кестесін алуға болады.
Тестілеу кезінде дәрісханадан шығуға бола ма?
Дәрісханадан тестілеудің бірінші және соңғы сағатында шығуға болмайды, басқа уақытта бір мезетте 2 талапкерден аспайтындай және дәліс бойы кезекшімен еріп шығуға болады.
Тестілеу өткізуін кім бақылайды?
ТКТ-ді ұйымдастыру және өткізу үшін әрбір базалық ЖОО-да мемлекеттік комиссия құрылады. Мемлекеттік комиссияның құрамына әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) білім басқармаларының бастықтары аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтары, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының немесе білім басқармаларының білікті қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы кіреді.
ТКТ өткізу технологиясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тестілеу орындарына Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдері жіберіледі. Сонымен қатар бақылаушы ретінде қатысатын ата-аналар ТКТ өткізуін бақылай алады.
Емтихан материалдарынның құпиялығын және бұзылмаушылығын қамтамасыз етуге қандай шаралар қолданылады?
ТКТ-ді өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады. Барлық әрекеттер Мемлекеттік құпиялар туралы ережелеріне сай істелінеді. Мемлекеттік комиссия төрағасына, ҰҚКД өкілініне және Министрлік өкілінне арналған парольдар дұрыс жауаптар кодынан бөлек қалыптастырылады. Балық тесттің дұрыс жауаптар коды тестілеуді өткізу күнінде тесттің деректер қоры серверінде қалыптастырылады.
Егер талапкер ауырып қалса немесе отбасылық жағдайына байланысты ТКТ-іне мезгілді күні қатыса алмаса, онда ол басқа күні тестілеуден өте ала ма?
Дәлелді себеппен мезгілді уақытта қатыса алмағандар тестілеудің қалған күннің біреуінде қатыса алады, бірақ егер базалық ЖОО-ның басқа лектері бар болса ғана. Ол үшін растайтын құжаттарды көрсету керек. Мемлекеттік комиссия Министрлік өкілдерімен бірлесе отырып, әрбір жағдайды жеке-жеке қарастырады. Егер талапкер көрсетілген мерзімде үлгере алмаса, онда ол қорытынды емтиханды жалпы білім беретін пәндер бойынша тапсырып, аттестатты ала алады.
Ұйғыр, өзбек, тәжік мектептерінің бітірушілері қорытынды аттестаттаудан ТКТ түрінде өте алады ма?
Ия, 2009 жылдан бастап өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері ТКТ-ны тілектері бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсыра алады.
ТКТ кезінде пайдаланылатын тест тапсырмаларының барлығы дерлік мектеп бағдарламасының негізінде әзірленген бе?
ТКТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шықпайды.
ТКТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің бірінен қанағаттанарлықсыз баға алмаған жағдайда ТКТ-ны қайта тапсыруға рұқсат етіледі ме?
Талапкерлер ТКТ-ны тек қана бір рет тапсырады. Тестілеуді қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда және оң нәтижеге қол жеткізу мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Талапкер жауап парағындағы дөңгелекшені бояу барысында қате жіберді, ал сұрақ-кітапшасында дұрыс жауап белгіленген, тестілеу нәтижесін бағалау барысында ол жауап ескеріледі ме?
Жауап парағы -жауаптар сканерде оқылатын негізгі және соңғы құжат болып табылады, Сұрақ-кітапшасында немесе жауап парағының көшірмесінде белгіленген жауаптардың заңдық күші жоқ. Сондықтан, дұрыс жауаптарды сұрақ-кітапшасынан жауап парағына көшіру барысында талапкер аса мұқият болу қажет.
Анықтамалық әдебиеттерді, калькуляторларды, ұялы телефондар мен басқа да байланыс құралдарын аудиторияға әкелуге және тестілеу кезінде пайдалануға болады ма?
Талапкерге бiр орыннан екiншi орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын алмастыруға, көшiрiп жазуға, аудиторияға шпаргалкалар, калькуляторлар, оқулықтар мен басқа да әдiстемелiк әдебиеттердi, байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефон) кiргiзуге және пайдалануға болмайды.
Талапкер ТКТ нәтижесімен келіспеген жағдайда не істеуі қажет?
Өткізу ережесіне сәйкес, егер талапкер алған балдарымен келіспеген жағдайда немесе тест тапсырмаларының сапасы бойынша ескертулері болса, әрбір ТКТ өткізу пункттерінде орналасқан апелляциялық комиссияға ТКТ нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін өтініш бере алады және өтініштер бір тәуліктік күн ішінде қарастырылады.  Өтінішті тестіленуші өзі ғана береді және нақты пән мен сұрақ көрсетіледі. Апелляция негізделген болуы керек!
ТКТ-дің тест тапсырмалары бейіндік оқу бойынша сәйкес келе ме?
ТКТ кезінде пайдаланылатын барлық тест тапсырмалары барлық талапкерлердің бейіндік оқуларына тәуелсіз, білуге міндетті жалпы орта білім беру стандарттарына сәйкес құрастырылған.
Ағымдағы жылы жоғары оқу орнына ақылы негізде өткен жылғы ТКТ сертификатымен түсуге бола ма?
Түсу үшін сертификаттың жарамдылық мерзімі – тестілеуден өткен жылдың 31 желтоқсаны.
ТКТ-ны тапсырмай ЖОО-ның ақылы бөліміне түсуге бола ма?
Жоғары оқу орындарына қабылдау азаматтардың берген өтініштері бойынша ҰБТ-ның немесе ТКТ-ның нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде беріледі.

Сұрақ қою

Суреттегі таңбаларды енгізіңіз*


  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ