8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Результаты КТПР 2016 / 2016 ПҚБТ нәтижелері
Сұрақ-жауапБілім беру гранттарын беру бойынша конкурс өткізу туралы

Білім беру гранттарын беру бойынша конкурс өткізу туралы

Ағымдағы жылы білім гранттарын тағайындау кезінде қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, жоо-ға түсу кезінде «Алтын белгі» белгісімен марапатталған бітірушілерге, дербес білім беру ұйымдарының бітірушілеріне басым құқық берілген. Сонымен қатар, тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының да басым құқығы бар. Білім гранттары ең алдымен аталған азаматтарға тағайындалады. Сонымен қатар, төмендегі азаматтарға:
І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек азаматтарға;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген азаматтарға;
ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға;
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін;
жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін квота қарастырылған.
Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу кезінде қандай пәндер ескеріледі?
Конкурс кезінде 4 пән бойынша балдар ескеріледі – қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән. Таңдау бойынша пәндер тізімі ЖОО-ға қабылдаудың ережесінде келтірілген.
Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтінішті қашан және қай жерде беруге болады?
Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа өтініштер 23-31 шілде аралығында беріледі. Өтініштер ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген ЖОО-ның қабылдау комиссияларында қабылданады.
Білім гранттарын тағайындау қандай тәртіппен жүргізіледі?
Білім беру гранттары нақты мамандықтар мен тіл бөлімдері бойынша бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде беріледі. Білім гранттарын Білім және ғылым министрлігінің Конкурстық комиссиясы оның жұмыс ережесіне сәйкес тағайындайды. Білім гранттары ең алдымен ЖОО-ға түсуге басым құқығы бар талапкерлерге тағайындалады. Ары қарай, білім гранттарын тағайындау конкурстық негізде, талапкерлер өтініш білдірген тіл бөлімдері, жоо-лар мен мамандықтар бойынша сертификаттағы балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.
Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне қабылдау үшін неше балл жинау керек? (білім гранттарын тағайындау кокнурсына қатысу үшін)?
Ақылы бөлімге кемінде 50, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 70, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде  65 балл, «Білім», «Ауылшаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» бағыттарының мамандықтары тобы бойынша 60 балдан кем емес, оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша – кемінде 4 балл жинау қажет.
Өтініште талапкер қанша мамандықты көрсете алады?
Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініште талапкер таңдаған мамандық пен ЖОО-ны көрсетеді. Пәндері сәйкес келген жағдайда талапкер төрт мамандықты көрсете алады (бір мамандық пен төрт ЖОО-ны көрсету – тиімсіз).

Сұрақ қою

Суреттегі таңбаларды енгізіңіз*


  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ