8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 ж. тамыз ҰБТ нәтижесі
Сұрақ-жауапҰлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу туралы

Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу туралы

Ұлттық бірыңғай тестілеу деген не?

Ұлттық бірыңғай тестілеу-жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсу үшін іріктеу емтихандарының бір түрі.

ҰБТ-ға кім қатысады?

ҰБТ өткізіледі:

  • ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;

  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;

  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;

  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;

  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;

  • ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдарға;

  • ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.

Жоо-на түсу үшін ҰБТ-ның шектік баллы өзгере ме?

ҰБТ нәтижелері бойынша 

  • ұлттық ЖОО-на ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, 

  • «Педагогикалық ғылымдар», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл, 

  • басқа ЖОО-ларғакемінде 50 балл, 

  • «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, 

оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.

Тестіленуші жауап парағындағы жауапты дөңгелекшені бояу кезінде қатеге жол берді, ал кітапшада дұрыс жауап боялды, ол тестілеу нәтижелерін бағалау кезінде есепке алынады ма?

Есепке алынбайды. Жауап парағы сканер жауаптарды оқитын негізгі және соңғы құжат болып табылады. Сондықтан дұрыс жауаптарды кітапшадан жауап парағына ауыстырғанда тестіленушіге өте мұқият болу керек.

Ағымдағы жылы жоғары оқу орнына ақылы негізде өткен жылғы ҰБТ сертификатымен түсуге бола ма?

Оқуға түсу үшін сертификаттың қолданылу мерзімі - ЖОО-на қабылдау аяқталғанға дейін.

ҰБТ тест тапсырмаларымен танысуға болады?

Пәндер бойынша ҰБТ тест тапсырмаларының ерекшеліктері ҰТО сайтында жарияланды. Сондай-ақ тест тапсырмаларымен онлайн режимінде байқау-сынақ тестілеуінен өтіп танысуға болады.

ҰБТ қандай пәндер бойынша өткізіледі?

ҰБТ қазақ немесе орыс тілдерінде екі блок бойынша өткізіледі:

1 блок – Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі);

2 блок - таңдау бойынша екі бейіндік пән, таңдаған білім беру бағдарламалары тобына сәйкес (математика, физика, биология, химия, география, шет тілі, тарих, Адам. Қоғам. Құқық, қазақ / орыс тілі және әдебиеті).

Шығармашылық мамандықтарға түсушілер Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (ЖОО-да оқу тілі бойынша) тестілеу тапсырады.

Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны қандай болады және оларды орындауға қанша уақыт беріледі?

Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларының саны - ұсынылған бір дұрыс жауапты таңдау арқылы 20 тапсырмадан.

2 бейіндік пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 30 тапсырма. Олардың ішінде 20 тапсырма - 1 дұрыс жауапты таңдауды, ал 10 тапсырма ұсынылған жауаптардан бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдауды талап ететін тапсырмалар.

Әрбір тест тапсырмасына дұрыс жауап ұсынылған жауаптардан бір дұрыс жауапты таңдауды талап ететін тапсырмалар 1 баллмен бағаланады, ұсынылған тапсырмалар бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдауды талап ететін тапсырмалар 2 баллмен бағаланады.

Барлық тест тапсырмалары-120.

Тестілеу уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут).

ҰБТ-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін бітірушілерге қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға түсушілер үшін 1 сағат 40 минут беріледі.

Барлығы 60 тест тапсырмасы.

Тестіленуші ҰБТ-ны тапсыру қорытындыларымен келіспейді, ол не істеу керек?

Егер тестіленуші алған балдармен келіспесе немесе тест тапсырмаларының сапасы бойынша ескертулері болса, ол ҰБТ-ны өткізу пунктінде құрылған апелляциялық комиссияға өтініш бере алады. Апелляцияға өтінішті ҰБТ нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13-ке дейін беруге болады және ол бір күн ішінде қаралады. Өтінішті тестіленушінің өзі береді, бұл ретте нақты пән мен сұрақтар көрсетіледі. Және әрбір мәселе негізді болуы тиіс. Өтініш берушінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, тестілеуге рұқсаттамасы болуы қажет.

ҰБТ кезінде математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығы бойынша қандай дағдылар тексеріледі?

Математикалық сауаттылық бойынша тест тапсырмалары өмірлік жағдайларда математиканы қолдану қабілетін бағалауға, әртүрлі контекстерде математиканы қалыптастыруға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған. Ол математикалық ойлауды және құбылыстар сипатталатын, түсіндірілетін және болжанатын математикалық ұғымдарды, рәсімдерді, білім мен құралдарды пайдалануды қамтиды.

Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары жазбаша мәтіндерді түсіну және ұғыну, олардың мазмұнын өз мақсаттарына жету, білім мен мүмкіндіктерді дамыту, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін пайдалану қабілетін тексереді.

Ағымдағы жылы ұқсас мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру түлектеріне ҰБТ қалай өткізіледі?

Жоғары білім берудің қысқартылған мерзімін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша даярлаудың ұқсас бағыттарына түсетін ТжКБ (колледж) бітірушілері үшін ҰБТ мемлекеттік немесе орыс тілдерінде оқуға түсушілердің қалауы бойынша екі пән бойынша жүргізіледі:

  • жалпы кәсіптік пән;

  • арнайы пән.

Басқа білім беру бағдарламаларына (ұқсас емес) түсуге ниет білдірген колледж түлектері жалпы негізде ҰБТ тапсырады.

ҰБТ (ТжКБ) бойынша тест тапсырмасы қалай бағаланады және өту балы қандай?

Бағалау:

Дұрыс жауаптың бір нұсқасын таңдап алған тапсырмалар үшін 1 балл, қалған жағдайларда 0 балл беріледі.

Бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдау тапсырмалары келесідей бағаланады:

  • тек дұрыс жауаптарды толық таңдау 2 балл,

  • 1 қатені жіберу (1 дұрыс жауап табылмаған немесе 1 дұрыс емес жауап таңдалған) 1 балл,

  • 2 немесе одан көп қателерді жіберу 0 балл.

Ең жоғары балл-70 балл, өту балы-25 балл.

Ситуациялық тапсырмалар нені білдіреді?

Ситуациялық тапсырмаларда 5 жағдай қоса берілетін тапсырма беріледі. Жағдай мәтінмен (көркем, ғылыми), схемамен, кестемен, кестелік мәндермен, суреттермен (фотосуреттермен) ұсынылуы немесе ақпаратты берудің бірнеше түрін қамтуы мүмкін.

Осы тапсырмаларды сәтті орындау үшін жағдайлармен және тапсырмалармен мұқият танысу қажет. Дұрыс жауап жағдайдың немесе тапсырманың контексінде жасалуы мүмкін.

ҰБТ-ны қаңтар немесе наурыз айында тапсырып, білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндігім болады ма?

Орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып түлектері үшін жылына 4 рет ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік берілді.

ҰБТ-ны сәтті тапсырған жағдайда 11 (12) сынып оқушылары ЖОО-ға ақылы негізде түсе алады.

Мектеп түлектері қаңтар және наурыз айларында өтетін ҰБТ-ға қатысып және мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігінен айырылмайды.

Бұл ретте білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін түсушілер маусым-шілде айларында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет.

Білім беру гранттары қалай бөлінеді?
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген" Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне " сәйкес, республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаттарының балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

 

"Алтын белгі" иегерлерінің басым құқығы бар ма?

"Алтын белгі" белгісімен марапатталған тұлғалардың тек балдары тең болған кезде ғана басым құқығы бар.

ҰБТ-ға қатысу үшін төлемді қалай жүргізуге болады?

ҰБТ - ға қатысу үшін төлемді Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің барлық кассаларында жүргізуге болады.

Төлемнің мақсаты – "Кешенді тестілеу үшін".

Сондай-ақ "Қазақстан Халық Банкі"АҚ терминалдары арқылы ғана ақы төлеуге жол беріледі.

ҰБТ өткізу құны - 2242 теңге.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ