8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Результаты КТПР 2016 / 2016 ПҚБТ нәтижелері
Сұрақ-жауапҰлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу туралы

Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу туралы

Ұлттық бірыңғай тестілеу деген не және оның негізгі міндеті қандай?
ҰБТ – орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарын біріктіретін, жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау түрлерінің бірі. Мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету және бірыңғай өлшем материалдар арқылы білім берудің сапасын басқару, білім сапасын бақылаудағы әділдік пен анықтылығын көтеру ҰБТ-дің негізгі міндеті болып табылады.
ҰБТ міндетті түрде мектеп бітірушілердің барлығы тапсыру керек пе?
ҰБТ мектеп бітірушілері ерікті түрде тапсырады. Сонымен қатар жалпы білім беретін пәндер бойынша қорытынды емтихан түрдегі дәстүрлі формадағы қорытынды аттестациядан өтуге болады. ҰБТ-ға міндетті түрде жоғары оқу орындарына түсуге тілек білдірген мектеп бітірушілер, ағымдағы жылдың жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер.
ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі қандай және қай жерде жүргізіледі?
ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыру мектеп бітіруші өзі білім алатын жалпы орта білім беру ұйымында жүргізіледі.
ҰБТ қандай пәндер бойынша өткізіледі?
ҰБТ бес пән бойынша, оның 4-уі міндетті түрде: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі. 5-ші пән таңдаған мамандыққа байланысты таңдау бойынша пәндердің біреуіне (физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі) сәйкес өткізіледі.
Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны неше және қанша уақыт бөлінеді?
Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны – 25. Барлығы 125 тест тапсырмасынан тұрады. ҰБТ-ға 3,5 (үш жарым) астрономиялық сағат (210 минут) бөлінеді.
Тестілеу кезінде дәрісханада қолдануға болатын қандай заттар рұқсат етілген?
Тестілеуге қалам, Менделеев кестесін және тұздың ерігіштік кестесін алуға болады.
Тестілеу кезінде дәрісханадан шығуға бола ма?
Дәрісханадан тестілеудің бірінші және соңғы сағатында шығуға болмайды, басқа уақытта бір мезетте 2 мектеп бітірушіден аспайтындай және дәліс бойы кезекшімен еріп шығуға болады.
Тестілеу өткізуін кім бақылайды?
ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін әрбір ҰБТ өткізу пункттерінде мемлекеттік комиссия құрылады. Мемлекеттік комиссияның құрамына әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) білім басқармаларының бастықтары аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтары, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының немесе білім басқармаларының білікті қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы кіреді.
ҰБТ өткізу технологиясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тестілеу орындарына Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдері жіберіледі. Сонымен қатар бақылаушы ретінде қатысатын ата-аналар ҰБТ өткізуін бақылай алады.
Емтихан материалдарынның құпиялығын және бұзылмаушылығын қамтамасыз етуге қандай шаралар қолданылады?
ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады. Барлық әрекеттер Мемлекеттік құпиялар туралы ережелеріне сай істелінеді. Мемлекеттік комиссия төрағасына, ҰҚКД өкілініне және Министрлік өкілінне арналған парольдар дұрыс жауаптар кодынан бөлек қалыптастырылады. Балық тесттің дұрыс жауаптар коды тестілеуді өткізу күнінде тесттің деректер қоры серверінде қалыптастырылады.
Егер мектеп бітіруші ауырып қалса немесе отбасылық жағдайына байланысты ҰБТ-іне мезгілді күні қатыса алмаса, онда ол басқа күні тестілеуден өте ала ма?
Дәлелді себеппен мезгілді уақытта қатыса алмағандар тестілеудің қалған күннің біреуінде қатыса алады, бірақ егер ҰБТӨП басқа лектері бар болса ғана. Ол үшін растайтын құжаттарды көрсету керек. Мемлекеттік комиссия Министрлік өкілдерімен бірлесе отырып, әрбір жағдайды жеке-жеке қарастырады. Егер мектеп бітіруші көрсетілген мерзімде үлгере алмаса, онда ол қорытынды емтиханды жалпы білім беретін пәндер бойынша тапсырып, аттестатты ала алады.
Ұйғыр, өзбек, тәжік мектептерінің бітірушілері қорытынды аттестаттаудан ҰБТ түрінде өте алады ма?
Ия, 2009 жылдан бастап өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері ҰБТ тілектері бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсыра алады.
ҰБТ кезінде пайдаланылатын тест тапсырмаларының барлығы дерлік мектеп бағдарламасының негізінде әзірленген бе?
ҰБТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шықпайды.
ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің бірінен қанағаттанарлықсыз баға алмаған жағдайда ҰБТ-ді қайта тапсыруға рұқсат етіледі ме?
Бітірушілер ҰБТ-ді тек қана бір рет тапсырады. Тестілеуді қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда және оң нәтижеге қол жеткізу мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәнінің нәтижелері ЖОО түсуге нәтижесіне әсер ете ме?
Егер мектеп бітіруші бұл пәндер бойынша аттестатталмаған болса, онда ол аттестат ала алмайды және ЖОО түсуге арналған конкурсқа қатыса алмайды. ҰБТ-де алған балдар бағаларға аударылып, орта білім туралы аттестатқа жазылады және аттестаттың орташа балына әсер етеді. Аттестаттың орташа балы конкурс кезінде ағымдағы жылдың ҰБТ балдары тең болғанда және келесі жылдары ТКТ қатысу кезінде маңызды рөлді атқарады.
Мектеп бітіруші жауап парағындағы дөңгелекшені бояу барысында қате жіберді, ал сұрақ-кітапшасында дұрыс жауап белгіленген, тестілеу нәтижесін бағалау барысында ол жауап ескеріледі ме?
Жауап парағы - жауаптар сканерде оқылатын негізгі және соңғы құжат болып табылады. Сұрақ-кітапшасында немесе жауап парағының көшірмесінде белгіленген жауаптардың заңдық күші жоқ. Сондықтан, дұрыс жауаптарды сұрақ-кітапшасынан жауап парағына көшіру барысында талапкер аса мұқият болу қажет.
Анықтамалық әдебиеттерді, калькуляторларды, ұялы телефондар мен басқа да байланыс құралдарын аудиторияға әкелуге және тестілеу кезінде пайдалануға болады ма?
Мектеп бітірушіге бiр орыннан екiншi орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын алмастыруға, көшiрiп жазуға, аудиторияға шпаргалкалар, калькуляторлар, оқулықтар мен басқа да әдiстемелiк әдебиеттердi, байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефон) кiргiзуге және пайдалануға болмайды.
Мектеп бітіруші ҰБТ нәтижесімен келіспеген жағдайда не істеуі қажет?
Өткізу ережесіне сәйкес, егер мектеп бітіруші алған балдарымен келіспеген жағдайда немесе тест тапсырмаларының сапасы бойынша ескертулері болса, әрбір ҰБТ өткізу пункттерінде орналасқан апелляциялық комиссияға ҰБТ нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 14.00-ге дейін өтініш бере алады және өтініштер бір тәуліктік күн ішінде қарастырылады.  Өтінішті тестіленуші өзі ғана береді және нақты пән мен сұрақ көрсетіледі. Апелляция негізделген болуы керек!
ҰБТ-дің тест тапсырмалары бейіндік оқу бойынша сәйкес келе ме?
ҰБТ кезінде пайдаланылатын барлық тест тапсырмалары барлық мектеп бітірушілердің бейіндік оқуларына тәуелсіз, білуге міндетті жалпы орта білім беру стандарттарына сәйкес құрастырылған.
Ағымдағы жылы жоғары оқу орнына ақылы негізде өткен жылғы ҰБТ сертификатымен түсуге бола ма?
Түсу үшін сертификаттың жарамдылық мерзімі – тестілеуден өткен жылдың 31 желтоқсаны.
ҰБТ-ді тапсырмай ЖОО-ның ақылы бөліміне түсуге бола ма?
Жоғары оқу орындарына қабылдау азаматтардың берген өтініштері бойынша ҰБТ-ның немесе ТКТ-ның нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде беріледі.

Сұрақ қою

Суреттегі таңбаларды енгізіңіз*


  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ