8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Результаты КТПР 2016 / 2016 ПҚБТ нәтижелері
Мектеп түлектері мен талапкерлергеТКТ қорытындысы бойынша ақпарат

2016 жылғы ТКТ қорытындысы бойынша ақпарат

Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгi қағидаларына сәйкес КТ 2016 жылы 19-22 шілде аралығында өткізілді. 

Тестілеу 44 тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалы жоғары оқу орындары) өткізілді.

Тестілеуге 75423 талапкер қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 53213, орыс тілінде – 22210 талапкер.

Тестілеу нәтижелері бойынша шектік деңгей 50 баллды 47140 талапкер жинай алмады, соның ішінде қазақ тілінде – 32394, ал орыс тілінде – 14746 талапкер.

Тестілеу күндерінде мүмкін болған 100 балды 5 талапкер жинады.

Республика бойынша орташа балл көрсеткіші 39,68 баллды құрады. 

Тестілеу нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 542 талапкер тестілеуден шығарылды, олардың тестілеу нәтижелері жойылды.

Тестілеу аяқталғаннан кейін барлық КТ қатысушыларына пәндер бойынша жинаған балдары көрсетілген сертификаттар берілді. Осы сертификаттың негізінде олар нормативтік құжаттарда белгіленген қажетті ең төменгі баллды жинаған жағдайда жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге және білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құқылы. 



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ