8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық бірыңғай тестілеуінің нәтижелері
Мектеп түлектері мен талапкерлергеБілім беру гранттарының конкурсын өткізу қорытындысы бойынша ақпарат

2017 жылдың білім беру гранттарының конкурсын өткізу қорытындысы бойынша ақпарат

Тамыз айының 4-5 аралығында ҰБТ және ТКТ нәтижесі бойынша білім беру гранттарын тағайындау бойынша Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Жалпы білім беру грантын тағайындау конкурсына 63170 өтініш берілген, оның ішінде 49858 (78,9%) - қазақ тілінде, 13312 (21,07%)  - орыс тілінде.

Білім беру гранттарын тағайындау бойынша Республикалық конкурстық комиссияның отырысының нәтижелері бойынша білім беру гранттарын 34265 адам иеленді,  оның ішінде қазақ бөлімі – 27409 (79,99%), орыс бөлімі– 6856 (20,01%) адам.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 26855 өтініш білдірген ауыл жастары арасынан 16223  адам (оның ішінде 30% квота бойынша 5017 адам) грант алды.

558 өтініш білдірген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтары, жалпы конкурс бойынша 558 талапкер (оның ішінде 1% квота бойынша 430 талапкер) грант алды.

375 өтінішті І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер және мүгедек-балалар берген, олардан 375-і (оның ішінде 0,1% квота бойынша 296 адам) грант алды;

42 өтініш соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедек­теріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардан түскен, олардан жалпы конкурс бойынша 42-сі (оның ішінде 0,5% квота бойынша 32 адам) грант алды.

Республикалық конкурс қорытындысы бойынша өтініш берушілер  арасында ең көп білім беру гранттарына ие болған ЖОО-лар:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 4146; 

  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 2829;

  • Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – 1504;

  • С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – 1137;

  • Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – 1128.

Білім гранты иегерлерінің тізімі оқыту түрі, тілдік бөлінісі мен мамандықтар бойынша «Егемен Қазақстан» және  «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды. Сонымен қатар конкурстың нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтына ілінді.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ