8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Результаты КТПР 2016 / 2016 ПҚБТ нәтижелері
Мектеп түлектері мен талапкерлергеБілім беру гранттарының конкурсын өткізу қорытындысы бойынша ақпарат

2016 жылдың білім беру гранттарының конкурсын өткізу қорытындысы бойынша ақпарат

Тамыз айының 4-5 аралығында ҰБТ және ТКТ нәтижесі бойынша білім беру гранттарын тағайындау бойынша Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Жалпы білім беру грантын тағайындау конкурсына 59677 өтініш берілген, оның ішінде: 47342 - қазақ тілінде, 12335 - орыс тілінде.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 26164 өтініш білдірген ауыл жастары арасынан 12098 адам (оның ішінде 30% квота бойынша 4236 адам) грант алды;

1053 өтініш берген ұлты қазақ, Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылмайтын тұлғалардан 481 адам 2% квота бойынша грант алды;

362 өтінішті І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер және мүгедек-балалар берген, олардан 322 талапкер (оның ішінде 0,1% квота бойынша 252) грант алды;

37 өтініш соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедек­теріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардан түскен, олардан жалпы конкурс бойынша 37 талапкер (оның ішінде 0,5% квота бойынша 27 талапкер) грант алды.

487 өтініш білдірген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан, жалпы конкурс бойынша 487 талапкер (оның ішінде 1% квота бойынша 401 талапкер) грант алды.

858 мектептің бітірушілері (бітірушілерінің саны >5) бірде-бір грант иегері бола алмады.

Білім гранты иегерлерінің тізімі оқыту түрі, тілдік бөлінісі мен мамандықтар бойынша «Егемен Қазақстан» және  «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды. Сонымен қатар конкурстың нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтына ілінді.

Республикалық конкурс қорытындысы бойынша талапкерлер  арасында  ең көп грант иегерлері болған облыстар:

  • Оңтүстік Қазақстан облысы - 7141 (49,82%);

  • Алматы қаласы– 2676 (53,7%);

  • Алматы обласы - 2597 (44,78%).

  • Шығыс Қазақстан облысы – 2018 (50,02%);

  • Қызылорда облысы – 1865 (49,72%);

Білім гранты иегерлері ең аз облыстар:

  • Қостанай облысы – 609 (33,98%);

  • Атырау облысы – 529 (33,91%);

  • Солтүстік Қазақстан облысы –395 (30,72%);

Ең көп білім беру гранттарына ие болған базалық ЖОО-лар:

  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 3079;

  • Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 2595;

  • Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті – 1721;

  • С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – 1217;

  • М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – 1105.

Конкурсқа қатысқан 59677 талапкердің ішінен 27504-і білім беру грантының иегері болды. 12098 немесе 43,97% білім беру гранты ауыл мектептерін бітірушілердің үлесіне тиді.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ