8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2018 ж. КТ (қаңтар) нәтижелері
Мектеп түлектері мен талапкерлергеҰБТ қорытындысы бойынша ақпарат

ҰБТ 2017 қорытындысы туралы ақпарат

Республика бойынша ҰБТ-ға қатысу үшін 92827 мектеп бітіруші өтініш берген, оның ішінде қазақ тілінде – 69209 (76,3%), орыс тілінде – 23618 (23,6%). ҰБТ-ға қатысуға өтініш бергендердің ішінен 88583мектеп бітіруші тестілеуге қатысты.  Аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғаны және тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 12 мектеп бітірушінің тест нәтижелері жойылды.

ҰБТ-ға барлығы 4932 жалпы орта білім беру ұйымдары қатысты.

Тестілеуге қатысуға өтініш берген мектеп бітірушілердің санынан ҰБТ-ға қатысу үлесі жағынан келесі аймақтар жоғары болды: Жамбылоблысы – 99,33%, Маңғыстауоблысы – 98,49% және Оңтүстік Қазақстан облысы – 98,41%. Төмен көрсеткіштер Солтүстік-Қазақстанда – 90,73%, Алматы қаласында  – 88,21% және Қостанай облысында – 87,62% мөлшерде байқалды.

Қазақстан  бойынша ҰБТ-ның орташа балл нәтижесі бес пән бойынша 80,5  баллды (мүмкін болған 140 баллдан), екі пән бойынша (шығармашылық емтихан тапсырғандар) 30,9 баллды (мүмкін болған 40 баллдан) құрады. Шектік деңгейді 74520 адам (84,12% тестке қатысушылардың жалпы санына шаққанда) өтті. 2016 жылы шектік балдан жалпы қатысушылардың 83%-ы өткен.

Ең жоғарғы 139 балды Алматы қаласының М.Мақатаев атындағы №140 гимназия түлегі Тасан Саят Елтайұлы жинады. Республика бойынша 7 адам 138 балл жинады.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ