8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Результаты КТПР 2016 / 2016 ПҚБТ нәтижелері
Мектеп түлектері мен талапкерлергеҰБТ және ТКТ дайындалуға арналған байқау тестілері

ҰБТ және ТКТ дайындалуға арналған байқау тестілері

Бітірушілердің ҰБТ-ға, ТКТ-ға дайындық деңгейлерін көтерудің және оларды тестілеу технологиясымен хабардар етудің негізгі тәсілі - ҰБТӨП базасында (Ұлттық тестілеу орталығының филиалдары) өткізілетін байқау сынақтары. Көптеген ҰБТӨП-терде байқау сынағы ҰБТ, ТКТ кезінде пайдаланылатын аудиториялық қорды қолдану арқылы ҰБТ, ТКТ кезіндегідей жағдайларға барынша жақын өткізіледі.

Байқау сынағы бітірушінің ерікті түрде қатысуымен өткізіледі. Сынақ барлық қатысушыларға өз білім деңгейлері мен алдағы тестіленуге дайындығын бағалауға мүмкіндік береді.

Колледж бітірушілері жоғары оқу орындарына түсу үшін ары қарай оқу нысанына қарамастан міндетті түрде кешенді тестілеу тапсырады.

Кешенді тестілеуге дайындалу үшін колледж бітірушілері өзіне ыңғайлы ҰТО-ның кез-келген филиалында байқау сынағынан өтіп немесе оқу-әдістемелік құралын сатып ала алады. Білім беру ұйымындағы білім деңгейіне тестік бақылау өткізу кезіндегі қосымша қызметтер бағасының Прейскурантына сәйкес, мектеп бітірушілер мен талапкерлер үшін байқау сынағынан өту бағасы - 351 теңге, жоғары оқу орындарына түсу үшін оқу- әдістемелік құралдарының бағасы – 414 теңге.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ