8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. ҰБТ нәтижелері
Мектеп түлектері мен талапкерлергеҰБТ/ТКТ-ге сынама тестілеудің онлайн нұсқасы

Жаңа форматтағы ҰБТ/КТ-ге дайындалуға арналған онлайн байқау сынағы

2017 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) жаңа форматына сәйкес пәндер бойынша online байқау сынағы қызметі іске қосылды.

Тестілеу келесі пәндер бойынша өткізіледі:

1-блок:

Математикалық сауаттылық – 20 тапсырма

Оқу сауаттылығы – 20 тапсырма

Қазақстан тарихы – 20 тапсырма

 

2-блок:

1 бейінді пән – 30 тапсырма

2 бейінді пән – 30 тапсырма

Байқау сынағынан өту кезінде оқушы ҰБТ-да пайдаланылатын тест тапсырмаларымен танысуға және таңдаған пәні бойынша білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алады.

Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында білім деңгейіне тестілік бақылау жүргізу кезіндегі қосымша қызметтердің бекітілген бағалар Прейскурантына сәйкес, онлайн байқау сынағының бағасы – 260 теңге. Тестілеуге төлемді «Халық банкі» немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы төмендегі реквизит бойынша жасауға болады:

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК

010011 Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60

РНН 600300086081

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX

КБЕ 16

«Қазақстан халық банкі» АҚ

Түбіртектерде міндетті түрде – «Онлайн байқау сынағы үшін төлем» деп көрсету керек.

Төлем жасалғаннан кейін түбіртектерді ҰТО филиалына тапсыру қажет. Филиал қызметкерлері онлайн байқау сынағынан өткісі келгендерді тіркеп, пароль береді.

ҰТО филиалдары республиканың барлық облыс және аудан орталықтарында орналасқан. Олардың мекен жайы көрсетілген тізімін Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан қарауға болады.

Сонымен қатар онлайн-тестілеуге төлемді «Касса 24» төлем терминалдары арқылы жүзеге асыруға болады.

  • Төлем келесі нұсқау бойынша жасалады:

  • Терминалда «Білім беру қызметтері» пунктін таңдаңыз

  • Көрсетілген тізімнен «Национальный центр тестирования» таңдаңыз

  • Тестілеудің түрін таңдаңыз

  • e-mail енгізіңіз (құпия сөз жіберіледі)

  • Төленетін байқау сынағын өту санын енгізіңіз

  • Енгізілген мәліметтердің дұрыстығын растаңыз

  • Төлем жасаңыз

Пароль алғаннан кейін оқушы интернет желісіне қосылған кез-келген компьютерде отырып, білімін тексере алады.

ҰБТ және КТ онлайн байқау сынағын тапсыру

КТ ТжКБ онлайн байқау сынағын тапсыру




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ