KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

   Компьютерлік форматтағы докторантураға түсу емтиханы келесі блоктардан:
1) эссе жазудан;
2) докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен;
3) білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады.

  Докторантураға түсу емтиханына 4 сағат (240 минут) беріледі, оның ішінде:
- докторантураға оқуға дайындығын анықтау тестіне (бұдан әрі –ОДАТ)  - 50 минут;
- білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарын және эссе жазуға - 190 минут (3 сағат 10 минут).

   Бірінші ОДАТ бөлімі тапсырылады. ОДАТ бөлімін аяқтағаннан кейін түсуші эссе жазу және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап беру блоктарын орындау реттілігін өз еркімен таңдайды.
   Түсу емтиханы аяқталған соң түсушінің эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімдері бойынша жауаптары өзі таңдаған ЖЖКОБҰ-ға өңдеу және бағалау үшін жіберіледі. Докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бөлімі бойынша түсушінің жауаптарын ҰТО өңдейді.

   Түсу емтиханының нәтижелері оны өткізгеннен кейін келесі күні жарияланады. Түсушілер түсу емтиханының нәтижелерімен жеке кабинетінде таныса алады.

   Апелляцияға арналған өтініш нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00ден 13.30ға дейін аймақтық тестілеу орталықтары базасында қабылданады.

   Апелляцияға арналған өтініштер ЖЖОКБҰның апелляциялық комиссиясымен өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қаралады.

   Докторантураға түсуші адамдардан ОДА бөлімінде тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша апелляцияны Республикалық апелляциялық комиссия қарайды.

   Техникалық себептер бойынша апелляцияға өтінішті түсуші түсу емтиханын өту барысында береді.

   Техникалық себеп бойынша апелляция тест тапсырмасы шартының фрагменті болмаған жағдайда қаралады.

   Апелляцияға арналған өтініште мазмұндалған нақты фактілер қарастырылуға жатады.

   Тест тапсырма шартының фрагмент (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) жоқ екендігі анықталған кезде, оның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау болмаса, түсуші «техникалық апелляция» қосымшасындағы экранға белгі қояды.

   Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция мынадай:

1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмеген (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі);

2) дұрыс жауап жоқ болған;

3) барлық ұсынылған, жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдай отырып, тест тапсырмаларында бірден артық дұрыс жауап бар болған (дұрыс жауаптың барлық нұсқалары көрсетіледі);

4) тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайларда қаралады.

   Тест тапсырмаларын қайта қарау үшін мазмұны бойынша өтініш берген кезде түсуші дәлелді негіздемені (толық түсініктеме) көрсетеді.

Барлық тест тапсырмаларын қайта қарау бойынша апелляцияға арналған өтініште дәлелді негіздеме (толық түсіндіру, тапсырмалардың толық шешімі) көрсетілмесе, қарауға жатпайды.

   Онлайн апелляция нәтижелері бойынша түсушінің жеке кабинетінде апелляцияны есепке ала отырып, түсу емтиханының нәтижелері көрсетіледі.

   Түсу емтиханының нәтижелері бойынша электронды сертификат беріледі.

Докторантураға түсуге арналған бағалау жүйесінің 100 балдық шкаласы

Тест түрлері

Балл

Эссе

20

Докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

30

Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары

50

Барлығы

100

GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын докторантураға түсу емтиханы балдарына ауыстыру шкаласы

GRE халықаралық стандартталған тест

Түсу емтихандары

Тест секциялары

"Педагогикалық ғылымдар" білім салаларына арналған, "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар" кадрларын даярлау бағыттарына арналған балдар

"Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары" білім салаларына арналған, "Бизнес және басқару" кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

 

Балл

Quantitative Reasoning

кемінде 159 балл

кемінде 164 балл

Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханы

100

Verbal Reasoning

149 балдан кем емес

145 балдан кем емес

Жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат

100

Analytical Writing

3 балдан кем емес

2 балдан кем емес

       Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін өту балы 75 балды құрайды


/doktorantura-a-t-sushilerge/doktorantura-a-t-su-shin-t-su-emtikhanyny-formaty/