8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Результаты КТПР 2016 / 2016 ПҚБТ нәтижелері
Бiз туралыҚазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі -ҚАЗТЕСТ

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ



ҚАЗТЕСТ жүйесі туралы

Логотип КАЗТЕСТ JPEG.jpg ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі.

ҚАЗТЕСТ жүйесі халықаралық тілдік білімді бағалаудың TOEFL, IELTS, DALF/DELF, DSH, CELI, TÖMER, ТРКИ және т.б. жүйелерінің қағидаттарына негізделген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 835 қаулысымен «ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы» мақұлданды. Тұжырымдамада ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту бағыттары анықталды. Тұжырымдама негізінде Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында арнайы құрылымдық бөлімше ретінде жұмысын бастады.

www.kazakhtest.kz/

Тел.: 8 (7172) 51 83 10, 51 83 06, 27 92 18, 27 92 19 

ссылка: http://kazakhtest.kz/kz/

ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымы

 

ҚАЗТЕСТ төрт бөліктен тұрады: тыңдалым, лексика-грамматикалық бөлік, оқылым, жазылым.

stuct_kaz.jpg

 

Бірінші бөлік – тыңдалым. Оқылған мәтінді түсіну деңгейі төрт деңгей бойынша бағаланады:

1) фрагментарлық түсіну;

2) жалпы түсіну;

3) толық түсіну;

4) терең сыни түсіну.

Екінші бөлік – лексика-грамматикалық. Тілді түсіну, түсініп айту, қарым-қатынаста қолдана алу, жазуда пайдалана алу, лексика-грамматикалық материалды меңгеру деңгейі функционалдық және коммуникативтік тұрғыда бағаланады.

Бұл бағыттағы тест тапсырмалары белгілі бір коммуникативтік міндеттерді шешуі үшін қажетті тілдің құрылымы туралы түсінігі мен біліктілігінің деңгейін бағалауды көздейді.

Үшінші бөлік – оқылым. Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әр түрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы. Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау мынадай төрт нысандар бойынша тапсырманы орындау нәтижесімен айқындалады:

1) танысып оқу;

2) зерттеу элементтерімен оқу;

3) жүгіртіп оқу;

4) зерттеп оқу.

Төртінші бөлік – жазылым. Жазба жұмыстары мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланады және тексеріледі:

1) жазба жұмыстарының грамматикалық сауаттылығы;

2) жазба жұмысының мазмұны;

3) жазба жұмысындағы тілдік құралдарды пайдалану сапасы;

4) жазбаша тапсырманы орындау кезінде өз бетінше тілді қолдана алу дәрежесі.

 

Жүйе деңгейлері

 

04 Уровни КАЗТЕСТ.jpg

ҚАЗТЕСТ жүйесінде тілдік білімді бағалаудың деңгейлік жүйесі негізге алынады. Жүйе бойынша қазақ тілін қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары деңгейлерде меңгеру көлемін анықтауға мүмкіндік бар. Аталған деңгейлер еуропалық тілдік референттілік деңгейлеріне сәйкестендірілген. Атап айтқанда,

А1 деңгей (Уровень выживания/Breakthrough) – Қарапайым деңгей,

А2 деңгей (Предпороговый уровень/Waystage) – Базалық деңгей,

В1 деңгей (Пороговый уровень/Threshold) – Орта деңгей,

В2 деңгей (Пороговый продвинутый уро­вень/Vantage) – Ортадан жоғары деңгей,

С1 деңгей (Уровень профессионального вла­дения/Effective Operational Proficiency) – Жоғары деңгей,

С2 деңгей (Уровень владения в совершен­стве/Mastery) – Жетік деңгей, тіл үйренуші сол тіл халқының деңгейінде меңгерген деп санала­ды.

 

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден өту үрдісі

 

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден өту 2 кезеңнен тұрады:

1 кезең – қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау (жалпы меңгеру)

Тестіленушіге балдық шкала бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған тест тапсырмалары ұсынылады (мысалы, тестіленуші 150 тапсырмадан 110-на дұрыс жауап берсе, қазақ тілін орта деңгейге жақын меңгергендігін білдіреді).

Деңгейлер

Жеткілікті балл

04 Уровни КАЗТЕСТ.jpg 

Қарапайым

31-64 балл

Базалық

65-104 балл

Орта

105-119 балл

Ортадан жоғары

120-134 балл

Жоғары

135-145 балл

Жетік

146-150 балл


2 кезең
 – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау. Тестіленушіге анықталған (орта)деңгейдің тест тапсырмалары ұсынылады.

Жалпы меңгеруде де, деңгей бойынша да тестілеу үш бөліктен тұрады: тыңдалым, лексика-грамматика, оқылым. Жалпы тестті орындау үшін 2 сағат 30 минут беріледі, оның 10 минутында тестіленуші жауап парағын толтырады.

Әр бөлікті орындауға бөлінетін уақыт:

• Тыңдалым – 30 тест тапсырмасы, 25 минут;

• Лексика-грамматикалық бөлік – 70 тест тапсырмасы, 50 минут;

• Оқылым– 50 тест тапсырмасы, 65 минут.

Тест түрі: 4 ұсынылған жауаптан бір дұрыс жауабын таңдау.

«Жазылым» бөлігін бағалау

«Жазылым» бөлігі деңгейіне қарай және Тест спецификациясы мен ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша жазба жұмыстарын тексеру ережелеріне сәйкес бағаланады.

 

Қарапайымдеңгей

Шығармашылық диктант жазу

Базалық деңгей

Орта деңгей

Мазмұндама жазу

Ортадан жоғары деңгей

Жоғары деңгей

Эссе жазу

 

 

 

«Құжаттарды қабылдау және қазақ тілінің білімін деңгейін бағалауға қатысу (ҚАЗТЕСТ)» үшін мемлекеттік қызмет көрсету

 

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу» мемлекеттік қызмет стандарты  

Ссылка: http://kazakhtest.kz/kz/activity/provision-of-the-state-service/Provision-of-the-state-service-of-Documents-acceptance-and-participation-in-assessment-of-Kazakh-language-proficiency-level-KAZTEST/

 

ҚАЗТЕСТ сайты

 

Сайт.pngАқпараттық ресурс – ҚАЗТЕСТ сайты жүйенің әлемдік желідегі негізгі хабаршы­сы, оның виртуалды әлемдегі өкілі ретіндегі қызметін атқарып келеді. ҚАЗТЕСТ сайтын­да пайдаланушылардың сұранысына сәйкес қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпараттар беріледі.

Сайт заман ағымына сәйкес әрдайым жетілдіріліп отырады. ҚАЗТЕСТ сайты пайдаланушыларға ыңғайлылық тұрғысынан онлайн тестілеу үдерісін де жүргізіп отыр. Онлайн байқау тестілеуі тіл үйренушілер үшін ғаламтордағы ыңғайлы қолданыс болып табылады.

ҚАЗТЕСТ сайты арқылы жүйенің дамуы және оның тілдік саясаттағы орны туралы көптеген мағлұмат алуға болады.

Пайланушылармен кері байланыс жүйенің әрі қарай дамуына септігін тигізеді. Әрбір сайтқа келушінің жүйе бойынша ойы, оны жетілдірудегі ұсынысы, тапсырмалар туралы пікірі, жалпы қазақ тілін қай деңгейде меңгергендігі туралы мәліметтер ҚАЗТЕСТ жүйесінің дамуы мен жетілуіне көмек көрсетеді.

 

Бағдарламалық жабдықтау

 

«Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған интерактивті байқау тестілеуі» компьютерлік бағдарламасын www.kazakhtest.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Комп тест 2014.png

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Сіздің коммуникативтік қабілеттеріңізді ешбір қиындықсыз анықтап береді. Бағдарламалық жабдықтау Сіздің есту арқылы тыңдаған диалогтар мен монологтарды қаншалықты түсінетіндігіңізді, қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасын меңгергендігіңізді және оқу қабілетіңіздің деңгейін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұл тестілеу Сіздің қазақ тілін қаншалықты жақсы меңгергендігіңізді көрсетеді және қазақ тілін әрі қарай үйренуге кеңестер береді. Тестілеу аяқталған соң қолданушының нәтиже көрсеткішін ақпараттық анықтама немесе тестілеу нәтижесінің ведомосі ретінде қағаз бетіне басып шығарып алуға мүмкіндігі болады.

Бағдарламаның қолдануға арналған интерфейсі қазақ және орыс тілінде жасалған.

Бағдарламалық жабдықтауды орнату және қолдану өте оңай және қолданушының аппаратпен жабдықталуындағы минималды талаптарға сәйкес жұмыс істейді.

 











 

 

 

Байқау сынағы

 

Пробное тест.pngҰлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамы­ту басқармасында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін байқау сынағы қарастырылған.

Байқау сынағы алдын ала жазылу арқылы өткізіледі (тел. 8 7172 51-83-06). Өткізілу уақыты – 150 ми­нут. Интерактивті режимдегі байқау сынағынан www.kazakhtest.kz сайты арқылы өтуге болады.

 



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ