8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Результаты КТПР 2016 / 2016 ПҚБТ нәтижелері

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» (бұдан әрі ҰТО) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 1992 жылы 25 қарашада № 5-16р Премьер-Министрдің қаулысымен құрылды. ҰТО қызметінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі білім сапасын техникалық-ұйымдастырумен қамтамасыз ету және студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа үлгісін енгізу.

ҰТО оқушылардың, студенттердің және магистратураға, докторантураға үміткерлердің білім сапасын бақылау, білім жүйесінің мониторингі, Қазақстан Республикасында ұлттық  бірыңғай және кешенді тестілеу технологиясы арқылы студенттер контингентін қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, орта және жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды, білім беру сапасын бағалаудың  ұлттық жүйесі бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады.

Ұлттық тестілеу орталығында 2006 жылдан бастап азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі -ҚАЗТЕСТ енгізіле  бастады. ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың жалпыға ортақ отандық жүйесі.

ҰТО қызметінің орындалуы отандық білім берудің бірден-бір маңызды  міндетін жүзеге асыруға, яғни сапалы білімге халықтың қол жетімділігін қамтамасыз етуге  бағытталған.  



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ