8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Результаты КТПР 2016 / 2016 ПҚБТ нәтижелері
Бiз туралыҒылыми-әдістемелік жұмыстарҒылыми-техникалық кеңестің

ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Ұлттық тестілеу орталығының жұмысын басқару және ғылыми-дәйектемелі саясатын қабылдау үшін 2004-2006 жылдар құрылған Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) өзінің жұмысын 2013 жылдан бастап қайта бастады.

Ғылыми-техникалық кеңес ҰТО-ның үнемі жұмыс істеп тұратын коллегиалды, кеңесшілік және консультативті органы болып табылып, ғылыми-техникалық, нормативті-әдістемелік қызметтің приоритетті бағытын анықтайды.

Ғылыми-техникалық кеңестің негізгі міндеттері:

1.1. Келешектегі технологиялар мен техникаларды меңгеруге бағытталған Ұлттық тестілеу орталығының ғылыми тұрғыда негізделген әдістемелік және техникалық саясатын құру және жетілдіру.

1.2. Жобаларды жүзеге асыру мен жетілдіру бойынша «ҰТО» РМҚК жетекшілері қабылдауға тиіс стратегиялық шешімдер  бойынша ұсыныстарды бағалау;

1.3. Білім беру саласы мен ғылыми-техникалық даму бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қарастыру және пайдалану;

1.4. «ҰТО» РМҚК қызметін басқаруда тиімділікті арттыру мен ғылыми-дәйектемелі шешімдерді шығаруға қатысу.

ҒТК-ке жүктелген міндеттерді шешуде ғылыми кеңестерде келесі материалдар қарастырылуы мүмкін:

  • «ҰТО» РМҚК қызметінің бағыттары бойынша жылдық жұмыс жоспарларының жобалары;
  • «ҰТО» РМҚК-ның  халықаралық талаптарға сай білім саласы бойынша ұйымдастырушылық, ғылыми-техникалық негізгі бағыттары (жүйелердің даму стратегиялары мен бағдарламалары, концепциялар, т.б.)
  • «ҰТО» РМҚК ғылыми-техникалық қызметтестік мәселелері;
  • «ҰТО» РМҚК-нің дамуының басым бағыты мен келешегі және білім саласындағы ғылыми-техникалық саясаты бойынша маңызды мәселелері.

2013 жылы 6 отырыс өтті, тыңдалған баяндамалар:

  1. 2009-2012 жылдары  ҰБТ шеңберінде қолданылған тест тапсырмаларының сапасын бағалау туралы;
  2. 2010-2012 жылдардағы ҰБТ нәтижелері туралы;
  3. 2012-2013 жылдардағы Талапкерлерді кешенді тестілеу нәтижелері туралы;
  4. магистратураға, доктарантураға қабылдау емтихандарына арналған мемлекеттік, орыс және шет тілдердегі тест тапсырмаларының сапасын бағалау туралы;
  5. ҰБТ порталында «Корпаративтік білім» тарауын  ұйымдастыру туралы;
  6. ғылыми-әдістемелік  әдебиеттер мен мерзімдік басылымдар қорын жинау туралы.         

ҒТК отырысында төмендегідей шешімдер қабылданды:

  1. Ұлттық бірыңғай тестілеуге, орта білімнің оқу жетістіктерін сырттай бағалауға, жоғары білімнің білімнің оқу жетістіктерін сырттай бағалауға, мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша магистратураға, доктарантураға қабылдау емтихандарына арналған  оқу-әдістемелік құралдардың құрылымын бекіту.
  2. электронды түрде ғылыми-әдістемелік қорды қалыптастыру.
  3. 2009-2012 жылдары  ҰБТ шеңберінде қолданылған тест тапсырмаларының сапасын бағалау туралы; 2010-2012 жылдардағы ҰБТ нәтижелері туралы; 2012-2013 жылдардағы Талапкерлерді кешенді тестілеу нәтижелері туралы; магистратураға, доктарантураға қабылдау емтихандарына арналған мемлекеттік, орыс және шет тілдердегі тест тапсырмаларының сапасын бағалау туралы мақалаларды жариялау.
  4. «Білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау нәтижесін қолдану» атты оқу-әдістемелік құралын басып шығару.

2014 жылы 6 отырыс өтті, тыңдалған баяндамалар:

  1. 2013 жылғы ЖО ОЖСБ тест тапсырмаларының сапасын бағалау туралы;
  2. 2009-2014 жылдары  ҰБТ шеңберінде қолданылған тест тапсырмаларының сапасын бағалау туралы;
  3. Магистратураға, доктарантураға қабылдау емтихандарына арналған мемлекеттік, орыс және шет тілдердегі тест тапсырмаларының сапасын бағалау туралы;
  4. Жаңа формат бойынша жоғары оқу орындарына түсу емтихандарына арналған тест тапсырмаларының апробациясының нәтижесі туралы;
  5. ПҚБТ тест тапсырмаларының сапасын бағалау туралы;
  6. 2012-2013 жылдардағы ЖО ОЖСБ нәтижесін талдау туралы;
  7. ОБ ОЖСБ-2014  тест тапсырмаларының сапасын бағалау туралы.

ҒТК отырысында төмендегідей шешімдер қабылданды:

  1. Ұлттық бірыңғай тестілеуге, орта білімнің оқу жетістіктерін сырттай бағалауға, жоғары білімнің білімнің оқу жетістіктерін сырттай бағалауға, мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша магистратураға, доктарантураға қабылдау емтихандарына арналған  оқу-әдістемелік құралдардың құрылымын бекіту.
  2. 2009-2014 жылдары  ҰБТ шеңберінде қолданылған тест тапсырмаларының сапасын бағалау туралы; 2012-2014 жылдардағы ОБ ОЖСБ шеңберінде қолданылған тест тапсырмаларының сапасын бағалау туралы; магистратураға, доктарантураға қабылдау емтихандарына арналған мемлекеттік, орыс және шет тілдердегі тест тапсырмаларының сапасын бағалау туралы мақалаларды жариялау.


  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ